Атырау, 26 сәуір 17:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Назарбаев қаржыны шетелде сақтауды сөккенде нені айтпады», «Даулы мәселелер аясындағы Каспийдің құқықтық мәртебесі», «Допинг дауы: Қазақстан Ресейге қарайламайды», «Жаһанша Досмұхамедовтің Мәскеуде тұрған үйі», «Қазақстанның Бас мүфтиі неге ауысты».

2 265 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Назарбаев қаржыны шетелде сақтауды сөккенде нені айтпады» - Батыс баспасөзі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық компаниялардың офшордағы ақшасын елге қайтаруды талап еткен мәлімдемесіне, Қазақстанның жаңа әскери стратегиясы мен уран өндіруді азайту жоспарына қатысты комментарийлер жариялаған.

«Даулы мәселелер аясындағы Каспийдің құқықтық мәртебесі» - Ұзаққа созылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның соңғы нұсқасы дайындалып, алдағы жылы Астана саммитінде қол қойылатыны хабарланды. Бұл мәселе туралы Азаттықтың сауалдарына сарапшы Әлкей Марғұлан жауап берді.

«Жаңаөзен құрбандарын мешітте еске алуға рұқсат етпеді» - Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында осыдан алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуіліне полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады. Жүзден астам адам жиналған еске алу шарасына биыл билік өкілдері қатыспады.

«Жаһанша Досмұхамедовтің Мәскеуде тұрған үйі» - Мәскеулік ерікті "Алашорда" қайраткері Жаһанша Досмұхамедов тұрған үйге ескерткіш тақта қойғысы келеді. Туыстары чекистер осы үйден жартылай сал болып қалған Жаһаншаны тұтқындап әкеткенін айтады.

«Қадыровтың тыйымы» - Республикада спорттың қысқы түрлерімен айналысатын спортшы жоқ екеніне қарамастан, Шешенстан басшысы спортшыларға олимпиадаға қатысуға тыйым салды.

«ЮНЕСКО көкпарды қырғыз, асықты қазақ атынан тіркеді» - ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне көкпар Қырғызстан атынан, асық ойыны Қазақстан атынан тіркелгені хабарланды.

ABAI.KZ. «Допинг дауы: Қазақстан Ресейге қарайламайды» - ХОК атқарушы комитеті Швейцарияның Лозаннасында өткен арнайы отырыстың қорытындысын шығарды. Сөйтіп, 2018 жылдың 9-28 ақпанда Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарынан Ресей құрамасын шеттетті.

RATEL.KZ. «Қазақстанның Бас мүфтиі неге ауысты» - Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

AIKYN.KZ. «Жаңа жүйенің тиімділігі неде?» - Зейнетақы – мемлекеттің, салымшының және жұмыс бе­рушінің жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі бірнеше жыл бұрын туындаған болатын.

365INFO.KZ. «Сағадиевтің бұл тірлігі заңсыз ба?» -  Электронды күнделік мұғалім мен ата-анаға сор болды. Мектептерде енгізіліп жатқан электронды күнделік тақырыбы қызу талқылануда. Ата-аналар мен оқушылар электронды жүйеге үйренісе алмай жатыр. 

11 желтоқсан 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.