Атырау, 26 сәуір 11:38
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Түймені бассаң, түк өзгермейді

2 899 просмотра


Атырау қаласы Махамбет көшесінің бойындағы «Насиха» сауда үйі маңында жүргіншілердің жолына арналған түймесі бар бағдаршам орнатылған. «Орнатылғанына көп уақыт өтсе де,  істеп тұрғанына күмәніміз бар» дейді қала тұрғындары. 

Бұл түймені өзіміз де бірнеше рет басып көргенде, ештеңе өзгермеді.  

Жол белгілерін орнату жұмыстарымен айналысатын «АтырауДорЗнак» ЖШС түйменің жұмыс істемейтінін растады:

- Ол түйме 2011 жылы қазан айында қондырылған еді. Өздеріңіз айтып отырғандай жолдың арғы жағына жаяу жүргіншілердің тез өтуі үшін қойылған болатын. Кейін дәл сол жерге бейнабақылау орнатылып, ток қуаты жетпей істен шыға берді. Сол себепті сөндіріп қойдық. Оның үстіне балаларда беймезгіл баса берді, - деп  қысқа қайырды.

Біз аталмыш түйменің құнын сұрадық, алайда олар бізге «құпия ақпаратты тарата алмаймыз» деп жауап берді.  

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

17 қараша 2017, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.