Атырау, 26 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Қазақстанда банктерді сауықтыру тенденцияға айналды", "Халықтың тағдыры ойыншық па?", "Биылғы жыл теңге үшін қандай болмақ?", "Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің күресі мен арманы", "Билікке Трамп Келгелі…"

1 822 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің күресі мен арманы" - Сауд Арабиясында соңғы кезде "коррупцияға қарсы күрес" деген желеумен монарх әулетінің ондаған мүшесі, ірі кәсіпкерлер, тіпті ұлттық гвардия басшысы Мутаиб бен Абдалланың өзі де тұтқындалды. Сонымен бірге Асир провинциясы губернаторының орынбасары ханзада Мансур бен Мукрин мен жеті адам (арасында жоғары лауазымды үкімет шенеуніктері бар) отырған тікұшақтың апатқа ұшырауы "бұл кездейсоқ оқиға емес" деген сыбыс тудырды. Бақылаушылардың пікірі Сауд Арабиясында дәстүр бойынша билік ағадан ініге ауысуы тиіс болғанымен, қазіргі король Салман ұлы Мохаммед бен Салманды таққа отырғызуға қамданып жатыр дегенге саяды.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстанда банктерді сауықтыру тенденцияға айналды" - 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басынан бері Қазақстанның банк секторындағы құбылмалықтар тек мемлекет билігін ғана емес қарапайым халықты да алаңдатып қойғаны рас. Үкімет "банктер жүйесін қалай реттейміз?" деп бас қатырса, қарапайым халық ондағы жинақтарына алаңдады. Қаржы секторындағы жағдайдың қиындай бастағанының дәлелі - Қазинвестбанк пен Delta bank-тің лицензиясынан айрылуы. Ал басқа банктердегі жағдайға келсек, Қазақстан билігі оларды "сауықтырамыз" деп жар салды. Сауықтыру жұмыстары басталып та кетті. Ал осы атқарылып жатқан жұмыстардан қандай нәтиже болады? Нақты қаржы тұрақтылығы реттеліп жатқан қай банктер? Сарапшылар пікірі қандай?

ABAI.KZ. "Матаев босады, кезек Макс пен Талғатта..." - Кешегі күннің негізгі талқысы - Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың шартты түрде түрмеден босатылуы болды.

"Халықтың тағдыры ойыншық па?" - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның дерегінше, Қазақстанда 14 мыңнан астам әйел мен 1 мыңнан естам еркек бедеулігіне байланысты диспансерлік есепке алынған екен. Жалпы елімізде отбасылардың 15 пайызы бедеулікке ұшырағанын да лауазымды ханым мәлім етті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көзқарасы бойынша некедегі мұндай бедеулік көрсеткіші көңіл бөлуге тұрарлық проблема болып саналатын көрінеді. Өйткені, бұл деңгей демографиялық көрсеткішке кері әсерін тигізері бесенеден белгілі жағдай. Аталмыш отбасылардың 15 пайызы деп отырғанымыз – демографиялық өсімге үлес қосуға мүмкіндігі бар жастағылар. Өкініштісі – ұрпақ өрбітуге қабілеттері жоқ. Неліктен? 

RATEL.KZ. "«Дачалық» ұлт" - Қазақстандағы ішкі көші-қон қазақты саяжайларға сыйыстырып жатыр.

"Биылғы жыл теңге үшін қандай болмақ?" - Мұнай бағасының көтерілуіне орай, қазақстандық валюта өзін сенімді сезінуде. Дегенмен, жылдың аяғында теңге пайдасына болмауының барлық мүмкіндігі бар. Бұған «қара алтын» және Еуразиялық экономикалық одақтағы Ресейдің негізгі сауда серіктесінің валютасы да көмектесе алады.

EGEMEN.KZ. "Ерлан Саиров: Жаңа әліпбиді қоғамның барлық буыны қолдап отыр" - Латын графикасына көшу бойынша барлық өңірде алқалы басқосулар өтіп жатқаны белгілі. Жуырда отандық беделді сарапшылармен бірге ел ішінде болған белгілі әлеуметтанушы Ерлан САИРОВПЕН әңгімелескен едік.

365INFO.KZ. "«Нұрлы жол»: болашаққа жол бастаған жасампаз жобалар туралы не білеміз?" - Елбасының тапсырмасымен іске қосылған „Нұрлы жол„ бағдарламасы еліміздің көліктік-логисталық қуатын арттыратын бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды да қамтиды.

"«Бәрін бүлдірген жас иіс…». 40 жыл билікте отырған Зимбабве президенті неден сүрінді?" - Зимбабвенің президенті болып, 40 жыл бойы билік еткен Роберт Мугабе қамауға алынды. Ел астанасына баса-көктеп кірген әскерилер аз уақыт ішінде президенттен бастап үкімет мүшелерін тырп еткізбей ұстап, мұны әскери төңкеріс емес, қантөгізсіз түзету деп жариялады.

AIKYN.KZ. "Билікке Трамп Келгелі…" - АҚШ билігіне Дональд Трамптың келгеніне де енді екі ай шыдасаңыз жыл толады. Алайда бизнесменнің саясаткер ретінде жасаған әрекеттеріне риза болатындарға қарағанда көңілдері көншімейтіндердің қарасы басым секілді. Marist Poll жасаған сауалнама бойынша америкалықтардың 46 пайызы Трампты ел тарихындағы ең нашар мемлекет басшысы деп есептейтін көрінеді.

17 қараша 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.