Атырау, 26 сәуір 17:08
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ұлыбритания Ресейдің кибершабуыл жасағанын мәлімдеді

1 458 просмотра

фото WSJ

Ұлыбритания ең жоғары Желі қауіпсіздік қызметі жетекшісінің өкілі мәлімдеме жасап, Ресей жақ Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация және энергетика секторларына кибершабуыл жасаған. Аталған мәлімет Ұлыбритания үкіметі жағынан арнайы жасалғанына қарағанда, кибершабуылдың кең көлемді болғаны анық. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлады. 

Ұлыбритания ең жоғары Желі қауіпсіздік қызметінің жауапты өкілі Кяран Мартин сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, агенттік қызметінің алғашқы жылында, Ұлыбританияның 600-ден астам шабуылға тап болғанын жеткізді. Мартин, Ресейден келген шабуылдардың нақты санын айтпағанымен, Ресейді жаһандық желі қауіпсіздігінің басты қаупі деп көрсетті. Ол сөзінде: «Ресей қазіргі ғаламдық жүйені бұзуға тырысады», – деді Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй, аптаның басында мәлімдеме жасап. Ол Ресей жақ Ұлыбританияның жалпы сайлауына араласу арқылы Батыс елдерінің келіспеушілігін қалыптастырып, еркін қоғамға зиян келтірді деген. 

Британ үкіметінің айтуынша, Ресейдің демократиялық үдеріске тікелей араласқанын дәлелдеу толық болмай отыр. Бірақ парламент депутаттары үкіметке өткен жылы Брекстің дауыс беруіне қаншалықты әсер еткенін анықтау үшін тергеу жүргізуге шақырды. Британ премьер министрінің сөзінен кейін, Ресей СІМ-і Ұлыбританияның ЕО-дан шығудағы күш-жігерін арттыру үшін Англияның сыртқы жауы ретінде қалайда бір елді көрсетуі керек деген мағынадағы жауабын жолдады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

16 қараша 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.