Атырау, 26 сәуір 14:46
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өнім өткізуде жеңілдік бар

Сурет
4 774 просмотра


Атырау облыстық ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсот МҰҚАНОВТЫҢ ақпараты бойынша, бүгінде 22 (біреуі сүт өндіру, қалғаны мал бордақылау) ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (ӨК) құрылған. Біз сондай екі кооперативтің басшыларымен кездестік.

Тасу ЖҰМАШ (суретте), Жылыой ауданы Қосшағыл ауылының тұрғыны, «Құлагер Т» ауыл шаруашылығы ӨК басшысы:

- Біздің ӨК-нің мүшелері – екі шаруа қожалығы және 18 жеке тұлғалар. Біздің кооперативтің негізгі жұмыс бағыты мал өсіру, бордақылау және ет-сүт өнімдерін өндіру. Жеке тұлғалар «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан  8 млн теңгеге көршілес Ақтөбе облысынан 50 шақты баспақ сатып алған. Мен 15 млн теңгеге Саратовтан модульды мал сою цехын алдым.  

- Өнім қалай өткізіледі?

- Бізге өнім өткізуде аудандық биліктің қолдауы қажет.  Біз мемлекеттік мекемелерге сүт және етті жеткізер едік. Егер жеткілікті әеімдік бізді қолдамаса, етті өткізетін жеріміз болмай тығырыққа тірелетініміз сөзсіз.

Ерлан ҚУАНЫШЕВ, Махамбет ауданындағы «ЫнтымақМахамбет» ауыл шаруашылығы ӨК басшысы:

- Біз биыл көктемде осы ӨК құрған болатынбыз. Құрамымызда 61 мүшеміз бар, оның 5-уі жер өңдеумен айналысады. Олар кооператив құрамынан шыққысы келеді. Қазір бізге 7 шаруашылық қожалық қосылғысы келіп отыр. Біздің ӨК-нің мүшелерінің көбі мал өсірумен айналысқысы келеді және  11 адам 4 млн теңгеден несие алып, 250-ге жуық ірі қара мал сатып алды. Бізде Махамбеттегі мал сою цехы бар «Қорған» шаруа қожалығымен келісім бар. Біз онда шұжық, тұшпара, фарш дайындаймыз. Біз ақшаны өнім өткесін шаруаларға төлейміз. Оның үстіне әр бас малға бордақылағаны үшін 20 мың теңгеден үкімет субсидия береді. Бұл да үлкен көмек. Еттің бір келісі 1300 теңгеден сатылады.   

Шаруаларға тиімдісі малын қайда өткіземін деп басын ауыртпайды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

13 қараша 2017, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.