Атырау, 20 мамыр 22:07
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Латынға қатысты қоғамның пікірі ескерілуі керек!", "Өзбек лингвисі: «Латын» халықты жас пен кәріге қақ жарды", "Руларды айдап салып арандату процессі басталып кеткен бе?", "Трамп сапарына Солтүстік Корея басшысы кедергі жасауы мүмкін бе?"

1 882 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Ресейден аулақтау әрекеті»" - Қазақстанның латын әліпбиіне көшу жоспары жайлы осы аптада Батыстың бірден бірнеше басылымы комментарий жазған. Нью-Йорктегі терактіге Өзбекстан тумасының қатысы бар деген болжам Орталық Азияны «терроризмнің ұлғайып бара жатқан ошағы» ретінде қарастыруға түрткі болды.

"Өзбек лингвисі: «Латын» халықты жас пен кәріге қақ жарды" - Өзбекстанның латын қарпіне көшу тәжірибесін Азаттыққа АҚШ-та тұратын өзбек лингвисі Жахонгир Маматов әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, Өзбекстан ресми енгізілген алғашқы әліпбиден бас тартып, кейіннен кей әріптеріне апостроф қосылған екінші әліпбиді бекіткен. Ғалым «жазуы жайсыз» елде енді апострофтан бас тарту әңгімесі шыққанын айтады. Жахонгир Маматов Өзбекстанның «латынша әліпбиге» әлі күнге толық көше алмауын биліктің енжарлығынан да көреді. Ал Қазақстан латын қарпіндегі әліпбиін өткен айда бекітті.

ZHASALASH.KZ. "Қырық қытайды асыға күтіп жүр" - Жақында президент Н.Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтетіні белгілі. Міне, осы телекөпірде Астана жақтан Жамбыл облысына «Алтыналмас» инвестициялық жобасын тікелей, «Бурное солар 2»-ні бейнеролик түрінде көрсетуді бекітіп беріпті. Дегенмен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Мойынқұм ауданындағы гранит өндіретін «Оргстройды» қосымша көрсетуге қатты құштар болып отыр. Тіпті осы мақсатта 7-8 қараша күндері Астанаға жұмыс сапарымен барып, аталған жобаны қосымша қостыру үшін тиісті орындарға кіріп шығуды жоспарлапты.

QAZAQTIMES.COM. "Трамп сапарына Солтүстік Корея басшысы кедергі жасауы мүмкін бе?" - АҚШ президенті Дональд Трамп президент болып сайланғаннан бергі ең ұзақ әрі салмақты сапарына аттанды. Бұл сапар 10 күнге жалғасады және Шығыс Азияның 5 елінде болады. Дегенмен, Тынық мұхиттың батыс жағалауындағы елдерін тегіс аралап шыққалы отырса да Солтүстік Кореяға бара алмайтыны анық. Алайда, Трамп сапар барысында барған елдің бәрінде де Солтүстік Кореяның «жырын жырлайды». Яғни, Солтүстік Корея жаһандық ядролық держава ретінде қарастырылады, ал басқа да дамыған елдер осы амбицияны әлсіретуге тырысып келеді. Міне бұл осы реткі Трамп сапарында кез-келген екіжақты келіссөздерге, экономикалық талқылауларға және коммерциялық шығарылымға ең басты тақырып – Солтүстік Корея болады. 

365INFO.KZ. "«Тазабековты былай бақылайды…». Дінтанушы «Асыл арна» өнімдеріне қатысты шындықты айтты" - Салафизмге қатысты сауалдар да, пікірлер де ала-құла әлі күнге дейін. Айталық, балағы қысқалар мен қауға сақалдылардың бәрі салафит пе? «Аруаққа сенбеймін» дейтіндердің бәрі адасқан ба?

ABAI.KZ. "Латынға қатысты қоғамның пікірі ескерілуі керек!" - Қазақ қоғамы қызу талқылап жатқан мәселе бар. Ол - қазақ тілінің латын графикасына көшуі.

"Руларды айдап салып арандату процессі басталып кеткен бе?" - Жуырда "aktobenews.kz" сайтында екі бірдей атақты қазақ батырлары, қанжығалы мен табын руларының ірі өкілдері – Бөгенбай мен Бөкенбайды қарама-қайшы қоятындай арандатушылық әрекет жасалды. Ирина Ерофееевадеген тарихшының "Құрылтайдағы жиналыста Қанжығалы Бөгенбай емес Табын Бөкенбай сөз сөйледі" атты мақаласы жарық көрді. Соншалықты бізге не болған? Осындай дәрежеге қалай жеттік біз?

INFORMBURO.KZ. "Қазақ малы терісінің пайдасын қырғыз бен қытай көріп жатыр. Ал қазақ теріні өңдемек түгілі, былғарыны ажырата алмай қалды" - Көпшілік италиялық былғары аяқ киімге құмар. Бағасы удай болса да, соңғы тиынына сатып алып жатады. Сондай өнімді неге өзіміз шығара алмай отырмыз?

QAMSHY.KZ. "Конвертер деген бір әріпті бір әріптің орнына қоя салу емес" - Биылғы жылдың 11 қыркүйегінде парламент қабырғасында  «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» туралы алғашқы тыңдау өтті. «Attila group» компаниясының өтінішімен осы тыңдауда баяндама жасауыма тура келді. Тақырып: Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің конвертері. Ең алдымен программистердің айтуымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің конвертері қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздедік. Ең бастысы — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазақстан әлемдегі бар қазақтың Отаны» болса, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі де бәріне ортақ әліпби болуы тиіс деген тұжырымға келдік. 

AIKYN.KZ. "Ашық күнде адасқандар" - Қоғам дағдарыста ма, әлде адам ба? Жалпы, дағдарыс дегеніміздің өзі не? Жанталасу, қиналу, қиындық көру ме, әлде келешекке үміт арту ма? Дағдарыстың өзі бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, экологиялық. Саясат пен экономикалық дағдарыс айтпасақ та түсінікті. Әлеуметтік дағдарыс ше? Адам бір нәрседен қиналған уақытта неге сүйенеді? Кімнен сүйеніш іздейді? Қоғамнан ба, туысынан ба, дос-жараннан ба, айналадағы адамнан ба? Қайсысына көбірек үміт артқан дұрыс. Бұдан 20-30 жыл бұрын дағдарыс орталықтары болды дегенді естідіңіз бе? Соғыс жылдарының өзінде адамдар қиналған сәтте жанашыр жанға арқа сүйеген жоқ па? Бүгінгі қоғамда қиындық көрген жан, жанашыр іздеген адам дағдарыс орталығына жүгінуге мәжбүр. Елімізде қазір мұндай орталықтар өте көп. Дағдарыс орталығы, «Аналар үйіне» үміт артатындар кім? Қоғамды алаңдатқан сауалға жауап іздеп көрейік.

6 қараша 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.