Атырау, 8 мамыр 05:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Солтүстік Кореяның ядролық сынағы кезінде 200 адам қаза болған

1 927 просмотра

Фото: telegraph.co.uk

Жапония БАҚ-ы Солтүстік Кореяның ядролық сынағы кезінде 200 адамның қаза тапқанын жазуда. Бұл туралы Жапонияның «Экономика» басылымына сілтеме бере отырып, «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады. 

Дерек көздеріне сүйенсек, қаза болғандардың жүзден астамы ядролық сынақ кезіндегі жер асты полигондарының құлауынан көз жұмған. Кейінгі жүзге жуық адам болса, іздеу-құтқару жұмысы кезінде улы газ бен түнелдердің жарылып құлауы себептерінен қаза тапқан. Бұл туралы КХДР режимі ешбір ақпаратты таратпаған. 

Жапония жақ бұл мәліметті Солтүстік Корея үкіметіне берілген ядролық сынақты атқарушы қызмет тобының мәліметтерінен алған. Онда жер асты сынақ алаңдарының құлауы мүмкін екені анық айтылған.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


1 қараша 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.