Атырау, 26 сәуір 08:48
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ежелгі Түркістан - Атырауда

Сурет
4 754 просмотра

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан қаласының  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қчорық-музейінің ұйымдастырумен «Тарихи Түркістан» көрмесі өтуде.

Көрмеге Оңтүстік жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында табылған құман-құмыралар, ыдыстар, тиындар мен бұйымдар, этнографиялық материалдармен қатар Қожа Ахмет Ясауиден қалған мұралар қойылаған. Сонымен қатар Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың қолданған бұйымдары мен жазған хаттарын көруге болады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті көпшілікті қызықтырған.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, көрме ұйымдастырудағы басты мақсат - киелі Түркістанның тарихи орындарын атыраулықтарға көрсетіп, тарихи жәдігерлерді насихаттау. Көрме 20 қарашаға дейін жалғаспақ.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

29 қазан 2017, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.