Атырау, 20 мамыр 20:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Апострофты әліпбиге қалай қарайсыз?", "«Алтын безгегі» келе жатыр немесе біздің елден үш жылда рокфеллер шыға ма?", "Қазақ пен қырғыздың тарихы: шежіре не дейді?", "Ксюша сайлаудың көркін қыздырады", "Ши Жинпиң Қытайды өлгенше дара билеуі мүмкін"

3 063 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ә. Қосанов: Ағайынды қоңыр қаз немесе өсер елдің баласы болайық!" - Бір өзекті мәселені қозғасам деп едім. Ресми күнтізбе бойынша бізде 2020 жылы президент сайлауы өтуі тиіс (әрине, біздің биліктегі саяси технологтарға салсаң, кез келген сәтте «кезектен тыс» сайлау жариялап жібере алады). Сонда да, бізге не істемек керек? Өйткені сайлауи жағдай шынымен де өте қиындап, ушығып тұр.

"«Алтын безгегі» келе жатыр немесе біздің елден үш жылда рокфеллер шыға ма?" - Көзі ашық оқырман «алтын безгегінің» не екенін «Жабайы батыс» сериалдарынан, Сібір кеніштеріндегі байлық іздеген жанкештілер туралы орыс киноларынан жақсы біледі. Ондағы адамдарды адам деудің өзі күнә сияқты. Байлық пен алтын іздеген, ар-ұятты ұмытқан өңкей азғындар ғана. «Бәрі де байлыққа құмарлықтың әсері» дейді оны салауатты сана. Яғни алтынның буы. Алтынның буынан есі ауғандар түрлі жауыздыққа, азғындыққа ойланбастан барып жатады. Бұл жағымсыз құбылысқа өркениетті әлем «алтын безгегі» деген ат қойды. Ал безгегіңіз – қатерлі эпидемия, бір басталса жаппай қырғынға ұшыратпай басылмайтын кесел екенін адамзат жақсы біледі.

AZATTYQ.ORG. "Апострофты әліпбиге қалай қарайсыз?" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлық шығарды. AzattyqLIVE әліпбидің жаңа нұсқасын тіл маманы Құралай Күдериновамен талқылады.

"«Қазақ-қырғыз достығына селкеу түспейді»" - 2017 жылы қазан айының 10-ынан бастап Қазақстан Қырғызстанмен арадағы шекарадан өткізу тәртібін күшейткелі екі ел билігі бірнеше рет наразылық нотасын алмасып, бірін-бірі айыптап келеді. Азаттық тілшісі қазақ және қырғыз елдерінің музыка, кино және басқа мәдениет саласында бірлесе жұмыс істеп келе жатқан қайраткерлерінің екі үкімет дауына қатысты пікірін тыңдап көрген еді.

INFORMBURO.KZ. ""Самаурыннан ішкен шәй тәтті". Александр Геер туған жері Қазақстанға көшіп келуді аңсап жүр" - Германияға көшкеніне 23 жыл болса да, Александр Геер жерсіне алмай жүр. Түнде түсінен, күндіз көңілінен кетпейтін туған жері Мойынқұмға оралуды армандайды.

ABAI.KZ. "Бұл шешім – қазақ ұлтының рухани беталысын анықтайтын шешім" - Бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті өз Жарлығымен «Елімізде латын графикасына өту» жөнінде шешім шығарды. Бұл қадам, Қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлы әсері бар шешім. Осы шешім, Қазақ ұлтының, біздің халықтың рухани-гуманитарлық беталысын, бағытын анықтайтын бірден-бір жол.

"Ксюша сайлаудың көркін қыздырады" - Әкесі де (марқұм), шешесі де бүкіл Ресейге белгілі саясаткерлер. Ксения Собчактың өзі қалың орыс қауымына кең танымал: біразы, әсіресе жастар жағы қатты ұнатса, екінші бөлігі тым жек көреді. Егерде егде жастағылар Ксенияны тым ерке, көргенсіздеу деп білсе, басқалары – бұндай жүріс- тұрысты анайылық емес, экзистенциалдық еркіндіктің классикалық түрі деп біледі. Ксенияның әкесі – Анатолий Собчак Ресейдің демократтық бағыттағы танымал қайраткері, Ресей Президенті Борис Ельцинмен үзеңгілес, рухы мен әрекеті бір саялас , тіпті қартаң досына адалдығын сан рет дәлелдеген адам болды. Әсіресе, 1991 жылдың тамыз айында ГКЧП төңкерісін тойтарудағы Анатолий Собчактың ерлігі әлі есімізде. Кейін Анатолий Собчак мықты заңгер ретінде Ресейдің озық үлгідегі Конституциясын дайындауға қатысқаны тағы бар. 

365INFO.KZ. "Латынға жолды кім салады: депутаттар ма, әлде мұғалім бе?.." - Қазақ тілін латынға көшіруді ең бірінші қай саладан бастау керектігіне қатысты мамандар өз пікірін білдірді.

"«Сағынтаевтың кемшілігі мынада…». Саясаттанушы Үкіметбасының бір қателігін айтты" - Сағынтаев кім? Бұрын қандай еді, қазір қандай? Басы дауға қалған кезі болды ма? Бүгінгі қызметке қалай келді? Оны алда не күтіп тұр? Оның командасымен бірге көшіп-қонып жүретіні рас па? Мәсімовтың тұсындағы және қазіргі Үкіметтің арасында қандай ұқсастық бар?

QAZAQTIMES.COM. "Ши Жинпиң Қытайды өлгенше дара билеуі мүмкін" - Бір жарым миллиард халқы бар, әлемнің екінші ірі экономикалық тұлғасына айналған, сондай-ақ, әскери қуаты күн сайын өсіп келе жатқан Қытай елін енді бір ғана адам жеке билеп-төстемек. Ол - Ши Жинпиң, деп жазды WSJ басылымы. Сәрсенбі күні Қытай үкіметі енді билікке келген ең жоғарғы басшылардың есімін жариялады. Алайда ол тізімнің ішінде төраға Шидің ізбасарының есімі жоқ. Мао Зыдоң өмірден өткеннен бері 40 жылдан кейін, ҚКП-да бір адам билейтін саяси сахна қайтадан қалыптасқандай.

DALANEWS.KZ. "Қазақ пен қырғыздың тарихы: шежіре не дейді?" - Бұл мақалада XVIII ғасырда қазақ жерін жаулап алуды көздеген дұшпанмен соғысқан батырлар туралы шежірелік тарихи деректер салыстырмалы талдауға алынған. Мақалада Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өлкелерінде 1760-1780 жылдардағы әскери-саяси оқиғалар қарастырылады.

QAMSHY.KZ. "Өнер мен ұятсыздық егіз ұғым..." - Өнер мен ұятсыздық егіз ұғым. Иә, қазіргі заманда өнер деген қасиетті де, қастерлі ұғымның мағынасы осындай деңгейге түсіп кеткен. "Әттең" дейсің, пікір білдіресің, алайда қолдан келер пәрмен жоқ. Себебі өнер сөзін «ұятсыздықтың» айналасында ғана түсінетіндер қолдарынан келгенін, ақылының жеткенін жасап жатыр. Мен неліктен осындай пікірдемін? Жіліктеп көрсетуге, түсіндіруге тырысайын. Өнер сөзі өлеңмен, әнмен, актерлікпен тығыз байланысты екенін білеміз, көріп те жүрміз. Иә, кейбіріңіз қарсы пікір білдіруіңіз мүмкін. Өнер деген, тек осы ғана емес. Өнер зергерлікпен де, шеберлікпен де байланысты, алайда қазіргі кезде елдің көзінің алдында, құлағының «түбінде» жүргендері осы ән мен актерлік және кей-кезде өлең.




27 қазан 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.