Атырау, 20 мамыр 17:52
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"ЕАЭО жиынында болған "қазақ-қырғыз дауын" түрліше бағалайды", ""Армян геноциді" тарихи факт емес, пікір. Ал қазақ геноциді ше?", "Тоқмади өлтірген Ержан Тәтішев кім еді?", "Есімов енді қайда барады?"

2 375 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Мұратхан Тоқмәди: ТӘТІШЕВТІ АТҚАН – МЕН" - КТК телеарнасы көрсеткен «Оны Мурка деп атайтын» атты кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди туралы деректі фильмнің екінші бөлігінде Тоқмәди Тұран Әлем банкінің төрағасы болған Ержан Тәтішевті Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен атып өлтіргенін өз аузымен айтады. Осылайша 13 жыл бұрын болған қылмыстық оқиғаның жаңа беті ашылғандай. Бұл жаңалық жұрт арасында әжептәуір талқыланып жатыр.

"Комбайнды қойып, тікұшақ құрастырмақ" - Осы аптада мына екі ақпаратқа елең ете қалдым. Біріншісі – «Петропавловскідегі комбайн құрастыру зауыты жабылады» деген, екіншісі – «Қазақстанда тікұшақ құрастыратын кәсіпорын ашылады» деген. Сонда комбайннан гөрі тікұшақ құрастыру оңай болғаны ма, қалай өзі? Әрине, ақпарат құралдарында ашылғанынан жабылғаны тезірек болған кәсіпорындар туралы аз жазылған жоқ. Бұл келеңсіздіктің бәрі дұрыс жоспарламаудан, нарықты дұрыс бағамдамаудан, көбінде әкімдердің сападан гөрі санға жұмыс істейтін асырасілтеушілігінен орын алғаны анық.

AZATTYQ.ORG. "ЕАЭО жиынында болған "қазақ-қырғыз дауын" түрліше бағалайды" - Қазанның 25-і күні Арменияда өткен ЕАЭО үкіметаралық кеңесі отырысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанды Қытайдан әкелінген тауарларды жасырып, ЕАЭО-ның кедендік және салықтық заңнамасын бұзып отыр деп айыптады. Қырғызстан экономика министрі Артем Новиков «ондай проблема ЕАЭО-ның барлық елдерінде бар» дейді. Қазақстан шекарасынан қырғыз тауарларын тиеген жүк көліктерін өткізу проблемасы ЕАЭО жиыны өткен Ереванда да шешілмеді.

"Әйел еңбегіне тыйым салатын кәсіптер тізімін жоюды ұсынады" - Қазақстанда әйел еңбегін пайдалануға тыйым салатын кәсіптер тізіміне 287 мамандық енгізілген. Постсоветтік кей елдерде құқық қорғаушылар «әйелді кемсітетін норманы» қолданыстан алып тастауды ұсынады. Азаттық бұл тақырыпқа құқық қорғаушы Айна Шорманбаевамен сұқбаттасты.

INFORMBURO.KZ. "Енді ереже бұзсаң, "Е-айыппұл" жолда тоныңды шешіп алады" - Полицейлер жаяу жүргіншілерге жаңа жоба арқылы айыппұл салуға кірісті. Үш айда 60 миллионға жуық теңгеге хаттама толтырылған. Бұл жүйе не үшін керек?

ABAI.KZ. "Есімов енді қайда барады?" - ЭКСПО аяқталды, Есімов енді қайда барады? БАҚ өкілдері әредік осы сауалға жауап іздеп қоятынды шығарды. Ахметжан Смағұлұлы 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысы, Қаскелең ауданында жарық дүние есігін ашқан жан. Оның қазіргі жасы демесеңіз (67),  жағырапиясы тағы бір «шыңды» бағындыруға жарап-ақ тұр. Жағырапиясы ғана емес, жалпы өмірбаяны өрлеу үстінде келе жатқанын көрсететін бұл адам ЭКСПО-мен ентігін басып, тоқтап, тоқырап қалатынға ұқсамайды. Оның үстіне кейінгі бірер айдың ауқымында жарнамасы да күшейіп кетті. Әрине, Есімов туралы күпініп жазылған жарнама мақалалардың артында жанторсығы есепті Куянов дейтін күшеншектің отырғаны анық. Олай деуімізге себеп: жарнама тым олақ жасалып жатыр. Иә, Есімовтің пиарынан баспасөз саласында ескіріп қалған адамның қолтаңбасын көру қиын емес.

""Армян геноциді" тарихи факт емес, пікір. Ал қазақ геноциді ше?" - Страсбургте сот болды. Адам құқығын қорғау жөніндегі Еуропалық соттың 2013 жылғы 17 желтоқсанында шығарған шешіміне Швейцария үкіметі шағымданған еді. Түрік саясаткері Догу Перинчек пен Швейцария билігі арасындағы дау - "Армян геноциді" төңірегінде өрбіп, соттың шешімімен Швейцария билігі жеңілген еді. Сөйтіп, Берн ресми түрде  істі аппеляцияға берген болатын.

365INFO.KZ. "«Келесі жылы зейнетақы өседі…». Осылай деген министр Дүйсенова қандай қулыққа барды…" - Келесі жылдан бастап зейнетке шығатын әйелдердің жасы біртіндеп көтеріле бастайды. Мәселен, 2018 жылы әйелдер 58 жас 6 ай толғанда ғана зейнеткер саналатын болады. Осылайша, жыл сайын алты ай қосып, әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін, 63-ке апарылмақ.

BAQ.KZ. "Тоқмади өлтірген Ержан Тәтішев кім еді?" - Кеше Мұратхан Тоқмади «Тұран Әлем Банкінің» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге оның бұрынғы әріптесі Мұхтар Әбілязов тапсырыс бергенін мойындады. Baq.kz ақпарат агенттігі банкир Тәтішевтің өмірбаяны мен оның Әбілязовпен байланысы туралы толық мағлұмат бергенді жөн көрді.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақстанда Назарбаевтан да жоғары кім?" - Біз, қазақ халқы, кез-келген халықтың жер бетінде жеке этнос ретінде Жаратушы құдіреттің өзіне берген табиғи болмысын сақтай алса ғана қалатынын түсіне алмай келе жатырмыз. Табиғи болмыс дегенде халықтың діні, тілі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ішіп-жейтін тамағына дейін жаратушы Ұлы Құдіреттің сол халықтың өмір сүріп жатқан табиғи ортасына қарай ылайықтап беретінінен көпшілігіміздің хабарымыз жоқ. Соның салдарынан бүгінгі күні қазақ халқы өзінің дәстүрлі діні мен мәдениетінен алшақтап бара жатқан жайы бар. Оны ұзаққа бармай-ақ, ұлттық санамыз бен рухани-мәдени болмысымыздағы болып жатқан өзгерістерге қарап-ақ көруімізге болады. Бүгінгі қазақ пен кешегі қазақтың арасында ат пен түйедей айырмашылық бар. Кешегі қазақ «Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы» дейтін болса, бүгінгі қазақ өзім аман болсам, отбасым аман болса, басқада не жұмысым бар? – деген түсінікте.

26 қазан 2017, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.