Атырау, 26 сәуір 11:39
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды

1 881 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, пара алу күдігіне ілінген Қуандық Бишімбаевтың (суретте) адвокаттары Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылордадағы әйнек зауыты құрылысын салу кезіндегі қаржы жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке "1,2 миллиард теңге көлемінде шығын өтелді" деген мәлімдемесін терістеді.

Адвокат Мәди Мырзағараев пен Сейіт Рахмановтың айтуынша, Қызылорда шыны зауытының құрылысына бөлінген қаражат банк кепілінде болған. Бюро мердігер компаниялардың жетекшілерін қамауға алып, құрылыс тоқтаған соң банк кепіл ережесі бойынша, құрылыс қаражатын қайтарған. Адвокаттар сәйкесінше, бюроның бұл айыбы "негізсіз, ақпараты жалған" дейді. Сонымен бірге, адвокаттардың сөзінше, бұның алдында бюроның айтқан Астана маңы Қосшы ауылындағы зәулім үй экс-министрдің меншігінде емес.

Тергеу мәліметінше, Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін басқарып тұрғанында Қызылордадағы әйнек зауытын салу кезінде коррупциялық қитұрқылықтар жасаған.

19 қазанда Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілі Олесь Кексель Қызылордадағы әйнек зауыты құрылысын салу кезіндегі қаржы жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке "1,2 миллиард теңге көлемінде шығын өтелгенін" хабарлаған. Ал бюро Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және "шығынды өтеуге араласпағанын" мәлімдеген.

Адвокаттары тергеушілер бұған дейін тағы бір адвокат Сәлімжан Мусиннен тергеу құпиясын жарияламау туралы қолхат алғанын, бірақ коррцпияға қарсы бюроның лауазымды қызметкері "шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып", тергеу құпиясын өзі жариялағанын айтты.

Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметінен 2016 жылдың желтоқсанында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" ұлттық компаниясы қатысты тергеу бастаған соң босатылған. Компания Бишімбаев 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін басқарған "Бәйтерек" холдингі құрамына кіреді.

Дереккөз: Азаттық

24 қазан 2017, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.