Атырау, 20 мамыр 21:29
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мұрат ӘУЕЗОВ: Қытайды жеңетiн талай тәсiл бар…", "Әскерге барудан бас тартқан діндарлардың ісі жабылды", "Айтқаны Атамбаевтың рас болса...", "Өзбекстандағы өзгерістер "жылымықты" білдіре ме?"

2 258 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Айтқаны Атамбаевтың рас болса..." - Билік – апиын. Апиын болғанда да өте күштісі. Егер билік апиын болмаса, Атамбаев кеше қазақты шауып алардай болып тепсініп, өз адамы сайлаудан оза шауып келген соң, мүләйімсіп «эмоцияға беріліппін» дер ме еді?!. Деді. Дегізген – сол билік-апиын.

"«Қытайдағы қазақтарды қудалау күшейді»" - Қытай Халық Республикасындағы бірқатар қандастар Қазақстанға көшіп келмек болғаны үшін немесе Қазақстандағы туыстарына саяхаттап келгені үшін қуғын көріп, тіпті ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізген қоғам белсенділері мен Қытайда сотталған қандастардың туыстары мәлім етті.

AZATTYQ.ORG. "Әскерге барудан бас тартқан діндарлардың ісі жабылды" - Өскеменде қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Олар «әскерге шақырту алған, бірақ діни сеніміне байланысты әскерге барудан бас тартқан» әрі «Иегова куәгерлері христиандар қауымы» діни қызметкерлерінің анықтамасын көрсеткен» жігіттердің істерін полицияға жолдаған. Қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, күзде әлгі істердің бәрі жабылған.

"Өзбекстандағы өзгерістер "жылымықты" білдіре ме?" - Өзбекстанда саяси көзқарасы үшін түрмеге қамалған оннан астам адам бостандыққа шығып, отбасына оралды. Тағы да мыңдаған адам қауіпсіздікке жауапты мекеменің қара тізімінен сызылды. Бірақ, құқық қорғаушылар мен бақылаушылар "ірі көлемде реформа басталды деп айтуға әлі ерте" дейді.

ABAI.KZ. "Қазақ империясы" - Қызық. Өмірі ойыма келмеген бұл пайым қайдан пайда бола кетті? Белжайлау сұлудың бұрымдарындай бұратылған мың-сан мөлдір бұлақтар сыбырлады ма? Үйгентас аңғарында тарыдай шашырап жатқан тас қорымдар үндемей-ақ ұқтырды ма? Әлде адам аспас екі таудың арасын қоса, көсіле жантайған қытай қорғанындай биік әрі тік жотаның көк желкесін бойлай ұзына-бойы қазылған ор-шұқырдың әлі де көзге анық көрінетін бедер-сілемі ойтүрткі болды ма?

"Қырғыз ханды соғыс кезінде ғана сайлаған, ханы болмаған ел" - Жақында көршілес Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың қазақ халқының бетіне басқан сөздерінің бірі: “Қазақ халқын Шыңғыс хан ұрпақтары билеген” деген сыны еді. Бірақ бұл шынында сынға жататын сөз бе екен? Қазақтың хандары текті болғандығы еш ұят нәрсе емес. Хандар билігінің институты – қазақ халқының тарихындағы саяси жүйесінің негізі еді. Бұл біздің ел болғанымыздың белгісі.

365INFO.KZ. "«700 мың теңге алам…». Депутат Дүйсенбиев ағынан жарылды" - Жоқ, шынымен. Депутат Берік Дүйсенбиев ағынан жарылыпты. Ол БАҚ-қа берген сұхбатында халық қалаулысы депутаттардың жұмысы қаншалықты ауыр екенін тілге тиек етіпті.

INFORMBURO.KZ. "Енді коллектор несиесін төлемегеннің көлеңкесіне айналады. Екінші маусымда күшіне енген жаңа заң қалай жұмыс істейді?" - Жаңа заң борышкердің сөзін сөйлейтін болды. Коллекторлар бұрынғыдай жағаңа жармаспайды, бопсаламайды. Солай екен деп, алған қарызды қайтармай қала алмайсыз.

DALANEWS.KZ. "КВН ойнайтындар той жағалап, ішімдікке жақын болады" - Қала мен ауылдағы білім ошақтарына барып, қандайда бір мәдени іс-шараға қатыссаңыз оқушылардың КВН ойнап, айтысып жатқанының үстінен түсесіз. Қазір КВН-дағы әзілдер, айтыстағы орынсыз сындар мәдениеттің өлшеміне айналған.

QAZAQUNI.KZ. "Мұрат ӘУЕЗОВ: Қытайды жеңетiн талай тәсiл бар…" - Мен жақында Жапонияға шақырып, сол елге барып келдiм. 14 күн болдым, екi қаласын аралатты. Сондағы мақсаттары – жапон елiнiң тарихымен, мәдениетiмен, өнерiмен, философиясымен жан-жақты таныстыру. Олар бұл iстi өте салмақты, салиқалы атқарады екен, жеке адамды ғана шақырады және оған алдын-ала бiр жылдай дайындалады. Осы жыл бойына маған жапон елiне байланысты ағылшын, кейбiреуiн орыс тiлiнде көптеген кiтаптар жiбердi. Олар маған қаражат та бөлдi. Ұшақ Франкфурт арқылы, жер шарының жартысын айналып ұшса да билет бизнес-классқа алынуына байланысты барлық жағдай жасалынған, шаршаған жоқпын. Қасыма екi аудармашы бердi, екеуi де әдебиеттi жақсы бiлетiн бiлiмдi жандар. Менен «қандай ұсыныс, тiлегiңiз болады?» деп сұрағанда: «елдерiңiздi солтүстiктен оңтүстiкке дейiн аралап шықсам, тарихшылармен, жазушылармен, ғалымдармен, ядролық қаруға қарсы ұйым мүшелерiмен кездессем, атом бомбасы жарылған қалаларды көрсем» деп жауап берген болатынмын.

23 қазан 2017, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.