Атырау, 26 сәуір 05:50
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

2 121 просмотра


Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"14 қазанда қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады. Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабының негізінде бұл іс бойынша мәліметтерді жария ете алмаймыз", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. 

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері. 

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


19 қазан 2017, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.