Атырау, 26 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тұрғындар жылу тарифінің өсуіне наразылық білдірді

Сурет Бейнежазба
2 784 просмотра

Атырауда жылумен қамтушы мекеме қала шетіндегі Балықшы поселкесінің тұрғындарын кір жуу үшін және ванна қабылдау үшін жылу батареяларындағы ыстық суды пайдаланады деп айыптаған еді. Жауап ретінде тұрғындар жылу беру қызметі тарифінің үш есеге көбеюіне наразылық білдірді.

16 қазанда Абай атындағы мектептің акт залында «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС (ТҰКҚ) өтініші бойынша Балықшы поселкесі тұтынушылары үшін жылу энергиясымен қамтамасыз ету тарифін баспананың шаршы метрін 44-тен 152 теңгеге дейін, яғни, 3,5 есеге көтеру жөнінде жұртшылық тыңдауы өтті. Қызметтер 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қымбаттауы тиіс.

«ТҰКҚ» директоры Зұлхаш НАУБЕКОВТІҢ сөзінен:

- Біз Нұрсаядағы 67 үйге және туберкулезге қарсы аурухана жанындағы үйге қызмет көрсетеміз. 14 қыркүйекте қалалық әкімдік бізге Балықшыдағы 48 үйді де жылумен қамтуды тапсырды. Біз ахуалға тексеру жүргіздік. Бұдан бұрынғы бес кәсіпорын бір себептен банкротқа ұшыраған – тұрғындар ыстық суды жылу батареяларынан құйып алып, оны кір жуып, шомылу үшін пайдаланады. Құйып алған су үшін олар еш ақша төлемейді, оған қоса үйді жылытуға кедергі келтіреді. Ал жылу қазандығы үлкен шығынға ұшырап отыр. Нәтижесінде 15 қазандағы, яғни, жылыту маусымының бірінші күніндегі Балықшыдағы ахуал мынадай. Технология бойынша жылу қазандығы поселкеге жылу беру үшін 5 кг/кв қысыммен 96 градус температурада су беруі тиіс. Ал кері қарай ол 2 кг/кв қысыммен қайтарылуы тиіс. Іс жүзінде қысыммен қазандықтағы су мөлшерден кем келеді. Бұл шамамен балықшылықтардың 70%-ы бір уақытта батареялардағы шүмектерді ашып, жылу тасығыштағы суды құйып алады деген сөз.  Сумен толтыру үшін қазандық бұл уақытта сағатына 20 текше метрден астам жылдамдықпен су ысытқан. Егер біз «Жылу энергиясы туралы» Заңның 7-бабында қарастырылған шараларға, яғни, айыппұлдарға жүгінбесек және егер жылу тарифін көтермесек, кәсіпорын күйрейді.

Біздің есептеулеріміз бойынша, жылыту маусымында қазандықты ұстау үшін айына 7-ден 10 млн теңгеге дейін қаржы қажет. Ал қолданыстағы тарифтер ештеңеге жетпейді.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Әлсейіт САБИРОВ қазіргі уақытта жаңа тариф жобасы қаралып жатқанын, оның қандай болатыны әзірге белгісіз екенін түсіндірді.

- Тәбеттеріңіз көп ашылыпты. 40%-ға көтерілгеніне шыдауға болады, бірақ мынадай мөлшерде емес қой...- деді Құнанбаев көшесінің бойындағы №17«а» үйде тұратын зейнеткер. Әрі қарай, жиналғандардың барлығында дерлік жылу жоқтығы анықталды, ал олардың өздері – батареядан ыстық суды құйып алатындардың дұшпандары екен.


- Неліктен пәтерлерді аралап, су құйып алатын шүмектерді кесіп тастамайсыздар? Неліктен алақол тұрғындар үшін біз төлеуге тиіспіз? – деген дауыстар естілді залдан. 


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 қазан 2017, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.