Атырау, 8 мамыр 19:33
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Аустрияда Парламенттік сайлау аяқталды

1 907 просмотра

Себастьян Курц. Фото: Heinz-Peter Bader / Reuters

Аустрияда Парламенттік сайлау аяқталды. Азаматтары 16 жастан бастап дауыс беру құқығына ие мемлекетте сайлауға 8,7 млн халықтың 6,4 млн қатысты. Сайлау қорытындылары толық белгілі болмаса да, оның алғашқы нәтижелері мен жеңімпаздар туралы болжамдар жарық көріп үлгерді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  

Алдын-ала болжамдар бойынша, 31 жастағы Себастьян Курц басқаратын Консервативті Халықтық Партия 31,5 пайыз дауыспен алдыңғы орында тұр. Онан кейінгі кезекке 27,1 пайыз дауыспен Социал-Демократиялық Партия тұрақтаса, оң қанаттағы Еркіндік Партиясы - үшінші орында. 

Аустриядағы парламенттік сайлау мерзімінен бір жыл бұрын өткізілді. Оған себеп - Консервативті Халықтық Партия мен Социал-Демократиялық Партия одағының ыдырауы. Енді сарапшылардың пікірінше, жаңа одақтас байланыстар Консервативті Халықтық Партия мен Еркіндік Партиясы арасында орнайды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

16 қазан 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.