Атырау, 26 сәуір 08:58
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"СК-Фармация" басшысының тұтқындалуы: 1,8 миллиард теңге қолды болған

2 018 просмотра


Жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС-ның басқарма төрағасы Максим Касаткинге (суретте) қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Сыбайлас жеиқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация ЖШС-ның басшысы М.Е. Касаткин және өзге де тұлғаларға қатысты кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр" - делінген хабарламада.  

"Касаткин "КазСибФармацея" ЖШС-ның мүддесін қолдап, тендер барысында бұл компанияның өзге бәскелестерінің өтініштерін қабылдамағаны заңсыз болған. Сонымен бірге, "КазСибФармацея" ЖШС дәрі-дәрмекті сатып алуды Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 15 пайыздық үстеме баға көрсеткішінен асырып жүргізген", - деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Осылайша, 2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС және "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшылары 1,8 миллиард теңгені жымқырған. Осыған байланысты Касаткин мен "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшысы А.О. Ахметовке қатысты тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.  

Мұның алдында 15 қыркүйек күні Максим Касаткиннің ұсталғаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" ЖШС өкілдері басшыларының не себепті ұсталғанын және қандай айыптар тағылғанын білмейтінін мәлімдеген.

Дереккөз: Tengrinews.kz


10 қазан 2017, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.