Атырау, 2 мамыр 02:56
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Еуропарламент Каталонияда өткен референдумды қатаң сынға алды

2 001 просмотра


Еуропарламент Каталонияда өткен референдумды да, оған қарсы күш қолданған полиция іс-әрекетін де қатаң сынға алды – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.   

Қазан айының 4-і күні Еуропарламент депутаттары Испаниядағы жағдайларға байланысты дебат өткізді. Жиында сөз сөйлеген барлық депутаттар Каталония референдумын бір ауыздан заңсыз деп таныған. Ал оған қарсы күш қолданған ресми Мадрид іс-әрекетін қатаң сынға алған. Дебат барысында Еурокомиссия төрағасының орынбасары Франс Тиммерманс Каталония мен Испанияны келісімге келуге шақырған. 

Одан кейін сөз алған Еуропа халықтық партиясының өкілі Манфрат Вебар: «Егер Каталония Испаниядан бөлініп шығатын болса, онда ол Еуроодақтан да, оның ішкі сауда айналымынан да бөлінеді» - деген. 

Ал либералдар фракциясының төрағасы Ги Верхофстадт қос тарапты жағдайды ушықтырмауға шақырып, олай етпеген жағдайда Испания қоғамы екіге бөлінетіндігін ескерткен. 

Естеріңізге салайық, қазан айының 1-і күні Каталония Испаниядан бөлініп шығуға байланысты референдум өткізген болатын. Оған ел халқының 42 пайызы қатысып, оның 90 пайызы дербес ел болуды қолдап дауыс берген. Бірақ Испания билігі мен королі Каталонияның бұл ісін елдің тұтастығына нұқсан келтіру деп мәлімдеп, аймақ басшылығын заң бойынша жазалайтындықтарын айтқан.

Дереккөз: qazaqtimes.com


5 қазан 2017, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.