Атырау, 2 мамыр 02:53
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жылу өтінім бойынша беріледі

3 036 просмотра

Атырауда әлеуметтік нысандарға жылу беру 28 қыркүйекте басталды. 2 қазанда қалалық әкімдіктен мектептерге, балабақшалар мен ауруханаларға жылу беру туралы ресми нұсқау түскен кезде жылу берушілер бірден жұмыстың орындалғаны туралы баяндады.

«АЖ» редакциясына «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ хабарлағандай, 3 қазанға қараған түні көшедегі термометр бағандары 2 градус аязды көрсетті. «АЖЖ» АҚ-на бірнеше ПИК көппәтерлі 14 үйге жылу беру туралы өтініммен жүгінген.

 - Ресми түрде біз тұрғын үйлерге жылуды 15 қазанда қосуға тиіспіз. Бұған дейін біз тек ПИК-тердің өтініші бойынша ғана жылу қоса аламыз. Бүгінгі күні ЖЭО-нан жылу алатын 848 үйдің 8-іне шайып-тазалау жұмыстары жүргізілді. Олардың жүйелеріндегі ақау болмашы, сондықтан 5 қазанға қарай барлық үйлерге жылу беріледі деп сенемін, - деп түсіндірді Н.Шамшатов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2017, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.