Атырау, 26 сәуір 11:09
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бірін-бірі құтқару керек

Сурет Бейнежазба
2 978 просмотра


28 қыркүйекте Атырауда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» тактикалық аумақтық оқу-жаттығуын өткізді.

Үш күнге жоспарланған «Атқылама-2017» жаттығуына жақын орналасқан облыстардан бес команда қатысуда. Жаттығу барысында әр облыстан келген командалар мұнай-газ өндірісіндегі химиялық төтенше жағдайлардың жолын кесіп, өзара тәжірибе алмасты. Оқу-жаттығудың басты мақсаты техногендік сипаттағы аварияларды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-қимыл жасауына дайын болуы. Қатысушылармен кездесуге келген облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ауқымды шараға қызығушылық білдірді. Мамандығы мұнайшы болғандықтан қатысушылардың арасында оның ескі таныстары болған болар.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және видеоны түсірген автор

29 қыркүйек 2017, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.