Атырау, 26 сәуір 13:39
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Ұлттық қор біреуге зор, біреуге сор...", "Cолтүстікке қоныс аударатын ағайынның 83 млрд. теңгесі қайда кетті, Тамара ханым?", "Емлені қиындата беру не үшін қажет?", "Қырғыз президенті сайлауына олигархтардың ықпалы"

2 141 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ұлттық қор біреуге зор, біреуге сор..." - Мұнай табысының бір бөлігін жинақтайтын Норвегия ұлттық қорындағы қаржы 1 триллион (!) доллардан асып, мемлекеттік инвестициялық қорлар арасында рекорд орнатты. Қазақстан мен Ресейде де дәл осындай Ұлттық қор бар. Бірақ біздегісіндегі жинақ Норвегиямен салыстырғанда әлденеше есе аз. Бар-жоғы – 64 млрд доллар. Ресейдікінде 92,4 млрд доллар жатыр. Ақыры салыстыра қараған соң, әділдігін айту керек, норвегиялықтар мұнай ақшасын қорға жинауды ертерек, 1996 жылы қара алтынның баррелі 20,5 доллар болып тұрғанда бастады. Ал бізде қор 2001 жылы құрылды. Мұнай құны ол кезде барреліне 23 доллар еді. Ресей бізден кешірек, 2004 жылы ұлттық қор ашты. Базардағы мұнай құны сол кезде 38,3 доллар болатын. Осы күнге дейін жинап алған ақшасын айттық: 92,4 млрд доллар! Дегенмен Ресейде халық саны көп. Өндірілетін мұнайды жан басына шаққанда қазақстандықтарға шикізат үлесі көп тиеді.

"Фрейд жаңылысы немесе депутатты кім түзейді?" - «Сұрағанға – тілеген, іздегенге – сұраған»: билікті атарға оқ таба алмай жүрген біраз адамға ауыл жастарына қараптан-қарап тіл тигізген депутат Владимир Божко мықты себеп тауып берді. Бірнеше күн әлеуметтік желі, баспасөз ұлардай шулап, қоғамдық пікір қайнап жатты. Қазіргі «модный» сөзге салып трендшілесек (өзекті мәселе, үрдісте), әшейінде көзге түсе бермейтін бұл депутат аптаның басты ньюсмейкеріне айналды.

AZATTYQ.ORG. "Қырғыз президенті сайлауына олигархтардың ықпалы" - Қырғызстандағы президент сайлауына трансұлттық корпорациялар ықпал етіп отыр ма? Сайлауға жақын қалған тұста жастар қозғалысының өкілдері сыртқы күштердің ықпалын шектеуді талап етті.

"Қазақстан Қордайда «Еуропаның қақпасы» болып тұр" - Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» тексеру-өткізу бекетінен күн сайын 25 мыңға жуық адам, екі мыңдай көлік өтеді. «Шекараның» тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында барған Азаттық тілшісі Қордай асуында қырғызстандық еңбек мигранттарымен танысқан еді.

ABAI.KZ. "Cолтүстікке қоныс аударатын ағайынның 83 млрд. теңгесі қайда кетті, Тамара ханым?" - Жуырда ғана Оңтүстік халқын солтүстікке қоныстандыру бағдарламасына арнап 2017 жылы 85 млрд. теңге бөлінгенін сүйіншілеген едік. 85 млрд. теңгеге дегеніңіз аз ақша емес. Сол себепті де, орыстанған өлкеге қазақтар ағылатын болды деп тақиямызды аспанға лақтырып, қуанғанбыз. Сөйтсек, бұл жолғы қуанышымыз да ұзаққа бармады. «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жараның» кері келіп, мол ақшаға бар болғаны 854 отбасы ғана солтүстікке көшетін болыпты. Оның 288-і оңтүстіктің жергілікті қазақтары, 566-сы – шеттен келген ағайын екен.

"Емлені қиындата беру не үшін қажет?" - Әліпби комиссиясының жүздеген әліпби ішінен таңдап алған әліпбиінде елеулі кемшіліктер бар. Бұл әліпбиге қазақ мектептері ғана көшетінін ескерсек, әрбір кемшілік ұлттық емледе қиындық туғызып, ұлт мектебіне айтарлықтай ауыртпалықтар әкеліп, білім сапасына кері әсер етері сөзсіз. Сондықтан әліпбиге қатысты ойларымды ортаға салмақпын.

TURKYSTAN.KZ. "Уақыт қысқа, күңкіл көп" - Өткен аптада Мәжілістің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман вице-премьер Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдап, өрімдей ұл-қыз өсіріп отырған барлық отбасылардың ортақ тілегін жеткізді. Ата-аналар жұмыстан 18.00-де босайтындықтан балаларын балабақшадан дер кезінде алып кете алмай қиындық көріп жүргенін айтқан халық қалаулысы еліміздегі мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын бір сағатқа ұзартуды сұрады. 

QAMSHY.KZ. "Мәңгілігіміздің мәңгілік мәселесі" - Елбасының қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру мәселесі кәзіргі жаһандану заманында дер кезінде айтылған өте өзекті ұйғарым. Өйткені бүкіләлемдік ақпараттық орта латын әріптерінің негізінде құрылған. Бүгінгі қазақттың қолданыс аясы тар кириллица негізінде түзілген 42 әріптен тұратын әліпбидің орнына қолданыс аясы кең, өрісі зор 26-34 латын әрпінен тұратын, баршаға мектеп жасынан таныс әліпбиге көшу тиімді екені айдан анық. Және бұл әлемдік ақпараттық ортаға ену деген сөз.

QAZAQTIMES.COM. "Коммуналдық қызмет құны: ЕАЭО елдеріндегі баға қандай?" - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин осы аптада 2018 жылдан бастап Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері жоспарлы түрде қымбаттайтынын мәлімдеген еді. Ол "Жаңа жылдан бастап біз ұзақ мерзімді жоспар бойынша тарифтерді көтере бастаймыз. Бірақ көп емес, бағаны көтеру 10 пайыздан аспайды" деген. Негізі бұл мәселе жөнінде қыркүйек айының басында-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жалпы үкімет отырысында сөз қозғап, "біз жылу мен су тарифтерін көтермесек, инвесторлар келмейді... Одан қорқудың (тарифтерді қымбаттату - ред.) қажеті жоқ" деген. Яғни елдегі коммуналдық тарифтердің қымбаттауы Президент мәләмдемесіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Бүгін біз осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі тарифтердің қандай екенін байқап көрдік. 



29 қыркүйек 2017, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.