Атырау, 21 қазан 07:56
Таңертең ашық+10, күндіз +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.11  € 394.65  P 5.81

Шарт жасалуы керек

28 қыркүйек 00:00

Біз міндетті түрде қызмет көрсету шартын жасау керектігіміз туралы хабарлама алдық. Газ плитасына қызмет көрсетуден басқа, не үшін және неге қызмет көрсетеді деген сұраққа жартымды жауап ала алмадық. Оны жасау қажеттігінің мәнісін түсіндіріп берсеңіздер. Газ плитасына қызмет көрсетуге не жатады? Және шартқа қол қоюдан бас тартсақ не болады?

Денис Пак

Сұраққа «КҚЕО-Атырау» директоры Асхат ЖУЛАТОВ комментарий берді:

– ҚР заңнамасына сәйкес, үй ішілік газ жабдығына (ҮІГЖ)  техникалық қызмет көрсету шығындары газ тарифінен алынып тасталып, шарт бойынша қызмет көрсету санатына ауыстырылды. Бұл нормативтік құжат арқылы газ жабдығының жай-күйі үшін де, ҮІГЖ-ге техникалық қызмет көрсету шарттарын дер кезінде жасау міндеті де тұтынушыларға жүктеледі.

ҮІГЖ-ге техникалық қызмет көрсету шарты бойынша орындалатын жұмыстар мыналарды қамтиды:

1) газ жабдығын орнатудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына және абонент карточкасына (газдендіру сызбасына) сәйкестігін (визуалды түрде) тексеру;

2) газ құбырларына және газ жабдығына еркін қол жеткізудің бар-жоғын (визуалды түрде) тексеру (газ құбырының қабырғаға, жиһазға орнатылуына жол бермеу);

3) газ құбырларының боялу және бекітілу жай-күйін, ғимараттың сыртқы және ішкі конструкциялары арқылы газ құбырлары тартылатын жерлерде футлярлардың болуын және тұтастығын тексеру;  4) газ құбырларының және арматураның, тұрмыстық газ жабдықтарының герметикалық жалғанған жерлерін аспаптық әдіспен немесе сабынды эмульсиямен тексеру; 

5) газ жабдығының тұтастығы мен жарақталуын тексеру; 

6) газ құбырларында орнатылған крандардың жұмыс қабілеттілігі мен майлануын тексеру; 

7) түтіндік және желдеткіш каналдардың тарту күшін, газ жабдығын түтіндік каналымен жалғастырушы құбырлардың жай-күйін, жану үшін ауа ағымының бар-жоғын тексеру; 

8) тұрмыстық газ жабдығының крандарын бөлшектеу және майлау;  9) тұрмыстық газ жабдығының қауіпсіздік автоматикасының жұмыс қабілеттілігін, оның жөнделгендігін және реттелгендігін тексеру;  10) жанарғыны ластанудан тазалау, жабдықтың барлық жұмыс режимінде газдың жану процесін реттеу; 

11) газ жабдығының жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу қажеттілігін анықтау;

12) газ жанарғысының, жабдықты жандырғанға дейін және одан кейін түтін тартқыштың болуын міндетті тексеру туралы ескертетін түтіндікке жану өнімін бұратын аспаптардың қасында арнайы тақтайшалардың бар-жоғын тексеру; 

13) тұтынушыларға тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары жөнінде нұсқау беру; 

Бұл жұмыс түрлері үй иелерінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келетін, дұрыс жұмыс істейтін және түтін мен желдетпе арналары тексерістерден уақтылы өткізілген газ жабдығы болған кезде жүзеге асырылады. 

Шарт жасалған сәттен бастап жыл бойына газ кету анықталған жағдайда, оларды жою тегін жүргізіледі. Қалған жұмыстар абоненттің өтінішіне сәйкес орындалады және жөндеу жұмыстарына жатады.

Кез келген газ жабдығына техникалық қызмет көрсетумен штатында газ жабдығындағы кез келген ақауларды заманауи техника мен жабдықтарды пайдалана отырып, дер кезінде жоя алатын білікті мамандары бар мамандандырылған газ тарату мекемелері айналысуы тиіс. Бұл тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалануға кепілдік береді.

Егер абонентте ҮІГЖ-ге техникалық қызмет көрсету туралы мамандандырылған мекемемен жасалған шарты жоқ болса, газ жеткізуші біржақты тәртіппен газ жеткізуді тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда сізге абоненттік қызметке жасалған ҮІГЖ ТҚ шартын ұсыну туралы хабарлама табыс етілген.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

319 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5