Атырау, 26 сәуір 14:58
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Табыс табуға келіп, қылмыскер атанды

3 037 просмотра


Қарақалпақстан тұрғыны, 44 жастағы Дилшадбек ХУСНЕТДИНОВ өз жерлесін өлімші етіп сабап тастады. Өзбекстаннан Атырауға табыс табуға келген ол бұл жерде Р.УТЕМУРАТОВАМЕН бірге тұрған. Спирттік ішімдікті жиі ішетін олардың бұл отырыстарының соңы ұрыс-керіспен аяқталады екен...

25 маусымда Хуснетдинов әріптесі  Т.ТУРСУНОВҚА қоңырау шалып, одан 2 мың теңге қарызға алған. Турсунов жұмыс жасап жүрген Атырау-2 ықшамауданына бұл жұп түнгі сағат 3-те масаң күйде келген. Тағы да арақ сатып алып, естерінен айрылғанша ішіп, Хуснетдинов әйелді таңға дейін кеудесінен жаны шыққанша сабап тастайды.

Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабында («Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қарастырылған қылмысты жасады деп танылды. ҚР ҚК-нің 55-бабын («Жазасын жеңілдету») қолданып, жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қыркүйек 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.