Атырау, 26 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Басы дауға қалған рудныйлық депутат қыз мандатынан бас тартты

2 328 просмотра


Рудный қалалық мәслихатының депутаты Юлия Каралаш өз мандатынан бас тартты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, аппарат жетекшісі оның жуық арада депутаттық құрамнан шығарылатындығын мәлімдеген. Ал облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі "Жеңгетайлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын растады. Бірақ күдіктінің нақты кім екенін айтқан жоқ. 

Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған халық қалаулысын қала жұртшылығы жақсы таниды. Өзінің интернет дүкені де бар. Бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарып келген. "Біз оның жеке өміріне араласа алмаймыз. Және ондай фактілерді байқаған жоқпыз. Ол өзі мерзімінен бұрын депутаттық міндетінен босату туралы арыз жазды. Осы арыз негізінде жуық арада өтетін мәслихат сессиясында Юлия Каралаш депутаттық құрамнан шығарылатын болады", - деді Рудный қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі Дана Қалеева. 

Еске салайық, мұның алдында жергілікті басылымдар Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Дереккөз: Астана


26 қыркүйек 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.