Атырау, 26 сәуір 14:14
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қоғамдық көліктер көмір жаға ма?

Сурет Бейнежазба
7 828 просмотра

Қоршаған ортаның ластануына зауыттар ғана емес, автокөліктердің де үлесі жетерлік. Соңғы кездері Атырау көшелерінде қара түтін будақтатқан жолаушылар тасымалдайтын автобустарды байқап жүрген тек мен ғана емес шығар.



Қоғамдық көліктер (мәселен, №12, 14-ші автобустар) аялдамаларға тұрып алып «кеттік, кеттік, жүреміз» деп газ бергенде мұрныңды басып, аялдаманың артына тығыласың немесе сол маршрутқа отырып кетуден басқа амал болмайды. Ал, көпір үстінде келе жатсаңыз, қара түтіннен қашып құтылудың мүмкіндігі жоқ. 

Осыған байланысты қаладағы қоғамдық көліктерге бақылау жасайтын «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарластым. Диспетчер бөлімінің басшысы Нұрлан ТҰРЛАНОВТЫҢ айтуынша, қала орталығындағы маршруттарда жолаушыларды тасымалдайтын 70 үлкен автобус «Айс Транс Холдинг» ЖШС-іне қарайды. Олардың көпшілігі ескіргені соншалық, толықтай жөндеуді қажет етіп отыр.

- Әрине, біздің бұл автобустардың барлығын қызмет көрсетуден шығарып тастауға құқымыз бар. Алайда, олардың орнына жүретін ешкім болмай отыр, - дейді Тұрланов. - Қазіргі таңда қоғамдық көлік саласын дамыту мақсатында тұжырымдама дайындалу үстінде. Тұжырымдама дайын болған соң жыл соңында қайтадан тендер өткізіп, орталық көшелерде жаңа автобустар жүретін болады. Қазір жаңа автобустарымен келетін екі компания табылды. Бүгінгі таңда қай бағытқа қанша автобус қажеттігін шығару үшін студенттермен бірігіп, жолаушылар ағымын есептеу үстіндеміз.

Жергілікті экологтар қаладағы ауаның ластануына газбен жүретін көліктердің үлесі бірнеше есе аз екенін айтады. Атырау облыстық экология департаменті бас мемлекеттік экологиялық инспектордың міндетін атқарушы Аспандияр ІЗІМҒАЛИҰЛЫ департамент көшедегі көліктерді өздігінен тексере алмайтындығын үлкен мекемелерге ғана ішінара тексеріс жүргізетіндігін алға тартты.

Экология департаменті соңғы рет ІІД-мен біріккен түрде 2016 жылдың соңында рейд жүргізіп, бензин және дизель отынын пайдаланатын 450-ге жуық көлікті тексерген. Соның арасынан шамадан тыс деңгейі анықталған 94 көлікке құқыққорғау органдары арқылы 400 мыңға жуық әкімшілік айыппұл салынған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

20 қыркүйек 2017, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.