Атырау, 26 сәуір 10:45
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаңа ықшамаудандарға арналған дәрігерлер

2 599 просмотра


Жерұйық ықшамауданындағы Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа ғимаратының базасында жалпы тәжірибе бөлімшесі ашылды.

Енді ықшамаудан тұрғындары жұқпалы аурулар профилінен басқа, облыстық және қалалық аурухуналарға бармастан медициналық көмектің кейбір түрлерін ала алады.

Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы ұзақ жылдар бойына Жердегі тозақ мекені деп есептеліп келді. Қарапайым тұрмыстық жағдайы мен медициналық жабдықтары жоқ тозығы жеткен ғимарат қала тұрғындарының үрім-бұтағының үрейін туғызатын еді. Аурухана 8 жыл бойына салынып, ақырында 2016 жылы Бейбарыс даңғылындағы жаңа орынжайға көшіп барды. Қаланың бұл бөлігіне тұрғын үйлер қарқынды салынуда, бірақ сауда нүктелерінен басқа инфрақұрылым жүргізілмеген. Сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасының базасынан жалпы тәжірибе бөлімшесін ашу шешімі Нұрсая, Самал және Жерұйық ықшамаудандарының тұрғындары үшін жақсы жаңалық болары сөзсіз.

- Аурухана базасындағы автономды блоктарда жалпыхирургиялық және жалпытерапевтік профильдегі бөлімшелер кеңейтілген. Күндізгі стационар, операциялық блок, консультативтік-диагностикалық орталық жұмыс істейді. Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бізге облыстық ауруханадан гепатологиялық орталық көшірілді, - дейді Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Мұрат ҚҰЛБАСОВ.

Жалпыхирургиялық профиль бойынша отоларингологтар, хирургтар, урологтар қабылдайды. Жалпы терапияны кардиолог, терапевт, эндокринолог, невролог ұсынады. Олардың ішінде облысқа танымал жоғары санатты білікті дәрігерлер Ұлжитаев, Махамбетов, Қобданова, Чичибабина... бар. Аурухана базасында, сондай-ақ, диабеттік ақпараттық-аналитикалық орталық жұмыс істейді. Денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігі жаңа бөлімшені заманауи жабдықтармен қосымша жарақтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Компьютерлік томограф пен видеоэндоскопиялық кешен жеткізіледі деп күтілуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 қыркүйек 2017, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.