Атырау, 26 сәуір 10:14
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бопсалаушы шолақ мылтық және есірткімен құрықталды

3 709 просмотра


Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері қала маңындағы Өркен ауылында 27 жастағы бопсалаушыны қылмыс үстінде қолға түсірді.

Тамыз айында 32 жастағы Атырау қаласының тұрғыны полицияға өзіне белгісіз бір ер адамның қоқан-лоқы жасап, күш көрсете отырып өзінен 1 200 000 теңге бопсалағанын хабарлаған болатын. 9 қыркүйек күні Сәтпаев даңғылы бойындағы №48 үйдің жанында жедел топ 100 мың теңге көлеміндегі қалған ақшаны алып жатқан кезінде күдіктіні ұстады. Оның "КiaSoul" маркалы автокөлігінің жүргізуші орындығының астынан газетке оралған  марихуанаға ұқсас затты, ал жүк салғыштан "ИЖ-17" шолақ мылтықты тапты.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Бопсалау») бойынша тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қыркүйек 2017, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.