Атырау, 26 сәуір 09:22
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсантын өлтіріп кетті

3 960 просмотра

Көрнекі сурет. Фото: Хабар

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсантының өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды, деп хабарлажы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бапсасөз қызметі.

"Болған оқиға бойынша Петропавл Әскери институтының аумағында ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бабына сәйкес тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады баспасөз қызметі жұма күні.

Оқиға орнында барлық қажетті жедел тергеу амалы жүргізілген. Осы институттың 19 жастағы курсанты күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бұдан бұрын ҚР Ұлттық ұланы хабарлағандай, 7 қыркүйекте Әскери институт лазаретіне 3 курс курсанты, қатардағы сарбаз Ғалымжан Тұрсын пышақ жарақатымен түскен.

әрігерлердің дер кезінде көмектескеніне қарамастан, жас жігіт көз жұмады.

Қайғылы оқиғаға себеп екі сарбаздың арасындағы өзара кикілжің себеп болған. Қаза тапқан курсанттың жасы 19-да еді, Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

8 қыркүйек 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.