Атырау, 26 сәуір 17:36
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Тарихи санадан – «тарифи» болмысқа?!", "Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстан нарығына әсер ете ме?", "Ахметов пен Мамайдың бостандыққа шығуы ненің белгісі?", "«Путиннің қаны қайнаған шығар…». Украина не «бүлдіргенін» білесіз бе?"

2 244 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жоқ жерден пайда болған саясаткер" - Башқұртстан құрылтайының депутаты келер жылы Ресей президенті сайлауында Владимир Путинге бәсекелес болуы мүмкін.

"Жанболат Мамай бас бостандығы шектеліп, босап шықты" - Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты.

ZHASALASH.KZ. "Тарихи санадан – «тарифи» болмысқа?!" - Президент парламенттің күзгі сессиясының ашылуында сөйледі. Біраз мәселенің басын шалды. Бір қызығы, Ақорданың ресми сайтында жарияланған қысқа ғана мәтіннің аясынан асып, экспромт жанрына да ойысып кетіп тұрды. Сол тұста айтқан ойлары ерекше әсерлі болды. Өйткені көмекшілері әзірлеп берген тезистерді емес, өзінің көкейінде жүрген ащы жайттарға тоқталды. Онысы жақсы әсер қалдырды. Әсіресе қалың жұртшылықты толғандырып, мазалап жүрген бірқатар маңызды проблема туралы ашық айтты. Соларға тоқталайын.

"Соттағы соңғы сөз" - Тәуелсіз «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, журналист Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған қылмыстық істің үкімі бүгін шығады. Ал кеше Жанболатқа соңғы сөз берілді. Өз сөзінде Мамай «Трибуна. Саяси қалам» газеті туралы айта келіп, оны шығаруға әуелі Төлеген Жүкеев көмектескенін, кейін Жақсылық Жарымбетов те қол ұшын созғанын мәлімдеді.

INFORMBURO.KZ. "Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстан нарығына әсер ете ме?" - Өзбекстанда валюта нарығын реттеуге байланысты жаңа қаулыға 2 қыркүйекте қол қойылды. Құжат 5 қыркүйектен күшіне енді. 1$ қара базардағыдай 8100 сум болды.

ABAI.KZ. "Алаш арысы - Алтынбек" - Тұлға… Кейде, осы бір анықтаманы ретті, ретсіз пайдаланып, құнын түсіріп алдық-ау деп ойлаймын. Дегенмен, Тұлғаның кесек болмысы, биік адами-парасат пайымы өзгелерден ерек келетінін естен шығармаған абзал. Мүмкін, бұл - Жаратқанның аса бір шеберлігімен келген қасиет шығар.

365INFO.KZ. "«Путиннің қаны қайнаған шығар…». Украина не «бүлдіргенін» білесіз бе?" - Міне, осылай басталды. Өзгеру. Өзгеріс. Санадағы сілкіністің белгісі бұл. Кремльдің қас-қабағына қарамайтын шын тәуелсіздіктің көрінісі.

"«Мьянма дейсіздер». 4 млн қазақты қырған Сталин қылмысын қалай жасырғанын білесіз бе?" - Сталин салған лаң КСРО-ның 20 миллион халқын жалмап, бұратана ұлттарды адам төзгісіз күйге түсірді. «Оның 7 миллионы — украиндар, 7-8 миллионы — қазіргі РФ территориясындағы халық және 4,5 миллионы — қазақтар».

QAMSHY.KZ. "Ахметов пен Мамайдың бостандыққа шығуы ненің белгісі?" - Бүгін журналист Жанболат Мамай ісіне қатысты сот аяқталып, судья айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі. Мұның алдында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, 2015 жылдың желтоқсанынан бері қамауда отырған Серік Ахметовтың де жазасын өтеу тәртібі қайта қаралған болатын. Экс-премьер 21 қыркүйекте бостандыққа шығатыны хабарланды.

"Алаш қозғалысы: басталуы, тұтастығы, қатысушылары" - Алаш қозғалысы сияқты ұлт тарихындағы аса ірі оқиғаға қатысы бар мәселелердің барлығына  шынайы,  толымды баға берілуі қажет.  Осы ұлт-азаттық қозғалысының әлі де ғылыми тұрғыдан мейлінше нақтыланбаған негізгілерінің қатарынан орын алатын үш мәселеге тоқталмақпыз. Олар: қозғалыстың басталған уақыты және сол бастапқы кезеңге енетін оқиғалар, «Алаш қозғалысы» деген атауға ие боларлық дербес үдеріс ретіндегі сипаты және қозғалысқа қатысқандардың мүмкіндігінше толық тізімі.

AIKYN.KZ. "Латынға көшу – өткенімізді қайтарумен тең" - Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар екенін, сол орайда бұл істі тезірек қолға алуды тапсырған болатын. Сол уақыттан бері латын әліпбиіне көшудің мәні қоғамда қызу талқыланып, түрлі жобалар да дайындалуда. Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдиновпен латын әліпбиіне көшудің маңызы мен бүгінгі қоғамға әсері жайында әңгіме өрбіткен едік.

7 қыркүйек 2017, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.