Атырау, 26 сәуір 10:30
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үй құлауға шақ тұр

Сурет Бейнежазба
2 877 просмотра

«Өз үйім – берік қамалым» деген қанатты сөз Смағұлов көшесі, 10 үй мекен-жайындағы екі қабатты 16 пәтерлік үй тұрғындарына қатысты айтылмаған шығар.

Бұл ескі кірпіш үй Атырау орталығында Жайық жағасында орналасқан. Оның салынғанына 63 жыл болған, бұл жерде отыз жылдан астам уақыттан бері жөндеу жүргізілмеген.

- Біз қандай ПИК-тің болса да құрамына кіруге әлденеше рет әрекет жасадық. Бірақ бәрі ат-тондарын ала қашады. Бұл түсінікті де, өйткені үй ескі, оны ұстау үшін көп шығын кетеді, ал пәтер аз. Осы уақыт бойына комуникациялар мен жалпы үйді өз күшімізбен ұстап отырмыз, - деп әңгімелейді тұрғындар. – Сырт қарағанда үй әжептәуір көрінеді, бірақ пәтерлердің қатты тозығы жеткен. Ең жаманы, біз ештеңе жасай алмай отырмыз.

Үш жыл бұрын олар қабырғалар мен төбелерден ұсақ жарықтарды байқай бастаған. Біреулері мән бермесе, енді біреулері сылақ жүргізген. Бірақ былтырдан бері ескі жарықтар ұлғая бастаған. Тіпті, қарқынды түрде деуге болады. Түн болса, тұрғындар қабырғалардың сытырлап, шытынағанын естиді. Кейде қатты сытырлаған кезде тұрғындар сыртқа шығып кетеді екен.

- Қабырғалар шытынаса, демек, үйдің жағдайы нашарлап барады. Қабырғаға жапсырылған галтельдер түсіп, ар жағынан топырақ төгіледі. Пәтердің, әсіресе, екінші қабаттың едендері бір жағына қарай көлбеуленіп кеткен. Үйіміз қашан опырылып кетеді деп  қорқып жүрміз, - дейді тұрғындар.

Біз пәтерлерді аралап шықтық.

Қызымен және немерелерімен бірге тұратын зейнеткер Надежда ШАТКИНА тұратын пәтерге түскен жарықтар көп екен. Бірақ қатты мазалайтын жайт – жарыққа ересек адамның қолы қырынан немесе сіріңке қорабы еркін сыйып кетеді.

- Бұл өткен жылдың қараша айында пайда болды. Осы уақыт ішінде мынадай күйге жетті, біз қабырғаның ар жағындағы көршілеріміздің не туралы айтып жатқанын жақсы естиміз, ал біздің бөлмемізге олардың бөлмелерінен жарық түсіп тұрады, - деп көрсетті Надежда Викторовна.

Оның көршілерінде де осындай жағдай. Олар:

- Кеше кешкісін мұндай болмап еді, - деп шытынап кеткен төбені көрсетті

Өткен жылы Шәрбат НҰРЖАНОВАНЫҢ отбасы пәтерге бірнеше рет жөндеу жүргізген:

- Қабырғаларда шытынаған ұсақ жарықтар пайда болды. Жұмысшы жалдап, сылақ жүргізіп, бояттық. Көп уақыт өтпей тағы пайда болды. Жөндеушілер дұрыс жасамаған ғой деп, басқаларын шақырттық. Олар арқауланған тор жапсырып, тағы да сылақ жүргізді, бірақ көп тұрмады. Жарықтар көбейіп, ұлғая берді. Бөлмелердің бірінде электр болмай қалды, шамасы, қабырғалар ашылып жатқандықтан электр сымына зақым келген болар. Біз енді ештеңе қозғамайтын болдық, қорқамыз.

Тұрғындар ТЖ департаментіне, сәулет-құрылыс бақылау басқармасына, қалалық ТКШ бөліміне, Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВКЕ комиссия құрып, үйдің жағдайын тексеру өтінішімен әлденеше рет жүгінген.

- Осыған дейін ешкім келмеді, тек сырғытпа жауап қана алып отырмыз. Тұрғын үй қорының жағдайы үшін қалалық әкімдік жауап береді дейді. Ал әкімдік те үнсіз отыр, - дейді үй тұрғыны Марат АЙТЕШЕВ.Рас, он күн бұрын қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ қолы қойылған жауап алдық. Онда үйге техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы сұратылғаны хабарланған. Бірақ осы қаржылар бөлініп, олар сараптама жүргізгенше қанша уақыт кетеді? Тексеретін ештеңе қалмайды ма деп қорқамыз.


Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

30 тамыз 2017, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.