Атырау, 20 мамыр 21:40
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Қазаққа қанша көкжиек керек?», «Тағы да шу!. Зейнетақы қоры қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр​», «Қожамжаров қайда жүр?», «Сағынтаев Досаевты сағынып отыр ма?».

2 103 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Қазаққа қанша көкжиек керек?» - «Қазақстан» ұлттық арнасы толықтай ребрендинг жасап, өз атауын жаңалап «Qazaqstan» деп ауыстырып, құрамына кіретін барша құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің атын латын қарпіне көшірді.

«Омарәлі Әділбек: Көші-қонға кедергі көп...» - Көші-қон саясаты Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар дүние. Бұл тарапта тәуелсіздік алған жылдар ішінде көп жұмыстар атқарылып, миллионға жуық қазақ атажұртына оралды.

«Сағынтаев Досаевты сағынып отыр ма?» - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, «100 нақты қадам» жоспарының тең жартысы, яғни «50 қадамы» осы күнге дейін орындалған.

QAMSHY.KZ. «Қожамжаров қайда жүр?» - Қазақстан билігіндегі шенділердің ішінде Қайрат Қожамжаровтың орны бөлек. Құрылу тарихы сонау 90-жылдардың аяғынан басталатын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттікте күні кешеге дейін бірнеше басшы ауысып қана қойған жоқ, мемлекеттік құрылымның өзі де бірнеше рет өзгеріске ұшырады.

 365info.kz. «Тағы да шу!. Зейнетақы қоры қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр»  - Естеріңізде ме, бұдан бұрын Зейнетақы қорын «құтқаруға» келген Келімбетов не деп еді? Халықты жағдайдың жаман еместігіне, Әзірбайжан банкіне салынған қаражаттың қайтарыларына сендірген еді ғой. Өтірік болып шыққан ба?





29 тамыз 2017, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.