Атырау, 19 мамыр 14:44
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Қазаққа ноқатсыз латын графикасы керек», «АҚШ құлдырады ма?», «Кішкентай көрерменнің үлкен қасіреті», «Башқұрттың арғы тегі – қазақ», «Қытай қырғыздары қысым туралы айтады». «Ресей Еуропа сотының өтемақыларын төлеуге қиналады».

2 297 просмотра

AZATTYQ.ORG. «”Алтын белгі” иелерін медициналық оқу орындары қабылдамай жатыр» - Мектепті «Алтын белгіге» бітірген абитуриенттер мен олардың ата-аналары «грантқа ілінгендерімен, оқу орындары қабылдамай жатқанын» айтады.

  «Қытай қырғыздары қысым туралы айтады» - Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қырғыздардың кейбірі билік тарапынан қысым көргендерін хабарлайды.

«Ресей Еуропа сотының өтемақыларын төлеуге қиналады» - Күзде Ресей әділет министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының (АҚЕС) шешімдері бойынша өтемақы төлеуге ақшасы тағы таусылып қалатын тәрізді.

ABAI.KZ. «Қазаққа ноқатсыз латын графикасы керек» - Таяуда дәл осы тақырыпта көрсетілген жазу үлгісіне көшуіміз бек мүмкін.

QAMSHY.KZ. «Өзара байланысты дөңгелек даталар турасында» - 26 тамыз – елдігімізді (Алаш-Орда құлатылғаннан соң) кеңестік негізде жаңғыртуға заңи мүмкіндік берілген күн. Бұл күнді жетпіс жыл дәурендеген советтік дәуірдің өзінде аса елемейтінбіз, ал қазіргі тәуелсіздік кезеңінде мүлдем ұмыт қалдырып жүрміз.

QAZAQTIMES.COM. «АҚШ құлдырады ма?» -  АҚШ теңізшілерінің алып мұхитта абайсыз жағдайға тап болуын Оңтүстік Корея жақ олардың ақ үйдегі саяси түзіліс әлсірей бастады дегенге жорып отыр. 

ZHASALASH.KZ.  «Башқұрттың арғы тегі – қазақ» -  «Башқұрт пен қазақ ертеден көшпелі, жауынгер халық екені белгілі. Қазақ халқы өз алдына хандық құрған, ал башқұрт хандығы болмаған.

«Бір грамм қоқыста миллиард микроб бар» - Ел аумағындағы полигондарда 25 миллиард тоннадан астам қажетсіз қалдық үйіліп жатыр.

«Кішкентай көрерменнің үлкен қасіреті» - Бізде коммерциялық кино, авторлық кино деп фильм түсіріп жатқандар жетерлік. Алайда соның ілуде біреуі ғана кішкентай көрерменге лайықталып түсірілсе түсірілді, болмаса ол да жоқ. 


 






25 тамыз 2017, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.