Атырау, 19 мамыр 15:01
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«ЭКСПО-дағы Қазақстанға тиімді жеті жоба», «Қазақстанда қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?», «Мәмбет Қойгелдиев, академик: Алаш аманаты бәрімізге сын», «Қытайлықтар Қазақстанның жетімдер үйіндегі қыздарына көз сала бастады».

2 118 просмотра

ZHASALASH.KZ.  «Ресей ыдыраса не болмақ?» - АҚШ-тың өте беделді сараптама орталығы – Stratfor алдағы онжылдықта Ресей Федерациясы ыдырап кетеріне болжам жасады.

 «Жанболат не деді?» - «Трибуна. Саяси қалам» газетінің шығарушысы, журналист Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

«Мамайдың МИССИЯСЫ» - Бұған өзім ниеттендім. Өйткені жарты әлемнің назарына іліккен сот процесінде ісі қаралып жатқан «Саяси қалам. Трибуна» газетінің тұрақты авторы болдым. Оның үстіне жап-жас жігітке қарсы шыққан күллі мемлекеттік машинаға қатысты қоғамдағы көзқарасты сот отырысында айтып, жұртшылыққа, билікке жеткізгім келді.

«Мәмбет Қойгелдиев, академик: Алаш аманаты бәрімізге сын» - Патриотизм, ұлтшылдық, интернационализм сияқты ұғымдар әрбір халықтың өмірінде үлкен орын алады.

«Үмбетәлиев кінәсін мойындап, полицияға өзі келді» - Тамыздың 10-ында Таразда түн жарымында сойқан салған Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы бастығы Мұрат Үмбетәлиев прокуратураға кінәсін мойындап келді.

«Төбеден тонаушы түскенде...» - Соңғы кездері елде ұры көбейіп кетті. Құқық қорғау орындарының жұмыстары қожырап, қауіпсіздік қызметі қауқарсыз болып қалды ма, әлде ұрылар неше түрлі голливудтық киноларға тамсанып, біліктіліктерін шыңдап жетіліп алды ма, олар, әйтеуір, ойпырмай дегізіп жұрттың таңдайын қақтырып жатыр.

ABAI.KZ. «Қытайлықтар Қазақстанның жетімдер үйіндегі қыздарына көз сала бастады» - Қытай осыдан біраз жыл бұрын демографиялық өсімді шектеу үшін балалы болу мәселесін тізгіндей бастады.

 TURKYSTAN.KZ. «Сырға толы Сарайшық» -  «Біз жылытуға арналған жақсы сақталған пеші бар үйлердің бірін қазуды бастадық. Алғашқы қолға түскен заттар да бар — ол 18 ғасырдағы тиындар, оның ішінде күміс, бойтұмар, сүйек пен қыштан жасалған бұйымдар бар», — деп хабарлады Атырау тарихи-аймақтық музейінің директоры Рашид Харипов.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?» - Кейінгі уақыттарда Қазақстан қоғамында түрлі әлеуметтік, тұрмыстық кикілжіңдер талқыланып, видеолары БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тарап жатады.

INFORMBURO.KZ. «ЭКСПО-дағы Қазақстанға тиімді жеті жоба» - ЭКСПО-ның жабылуына да екі апта қалды. Көрмеде таныстырылған баламалы энергия өндіруге бағытталған жобалардың ішінде елімізге тиімдісі бар ма? Саралап көрсек.









24 тамыз 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.