Атырау, 19 мамыр 13:36
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Халық банкі Казкомды неден құтқарды". "Басшыны тілдеп жатыр, ал сіздер үндемейсіздер!". "Ресей ыдыраса не болмақ?". "Сақтандыру аясында қызмет көрсететін клиникалардың толық тізімін қайдан табуға болады". "Ұлылық синдромы".

2 014 просмотра

INFORM.KZ. "Халық банкі Казкомды неден құтқарды" - Алматыда «Халық банкі» АҚ алғашқы жартыжылдықтағы қаржылық есебін жариялады. Оның ішінде банкте орын алған биылғы басты оқиға - Казкоммерцбанкті сатып алу бойынша мәміленің аяқталғаны туралы да тілге тиек етілді.

"Шымкенттің кілемдері Қытайға экспортталмақ" - Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС өз өнімдерін ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да белсенді таратуда.

"Як-12М ұшағының апатқа ұшырауына қатысты алдын ала болжам жария етілді» - ... Солға қарай бұрылу кезінде ұшақты басқару қиындап, бірден ұшу жоғарылығы мен жылдамдығын жоғалта бастаған. Соның салдарынан ұшақ жерге құлаған. Оң жақ жанармай багы  жарылып, ұшақтың қызып тұрған қозғалтқышына тигендіктен от тұтанып, ұшақтың алдыңғы бөлігі өртенген.

BNEWS.KZ - "Мектепке дайындық науқаны: Базардағы баға ата-аналардың қалтасына салмақ түсіре ме?" - Тәжірибелі ата-аналар мектеп формасын оқу жылы жақындағанда бір-ақ алған жөн деп санайды. Өйткені жазда баланың бойы өсіп, ерте алып қойған киіміңіз қысқарып қалуы ғажап емес.

"Қазақстанда тек әйел тәрбиесімен ғана өсіп келе жатқан бала саны көп" - Өкінішке қарай, қазір Қазақстанда да ұлттық құндылықтарға немқұрайлы қарайтындардың саны көбейген. Яғни, ажырасу деректері артып барады деп дабыл қақсаң, «онда тұрған не бар, Еуропада да өте көп, құрдымға кеткен олар жоқ, бәрі жақсы болады» деп проблемаға көз жұма қарайды. 

24.KZ. – "Латын әліпбиі әлеуетті елдер қатарына ену үшін керек" - Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың  бір тармағы. Экономикасы даму жолына түскен саясаты сындарлы еліміз үшін енді рухани түлеу кезеңі туды. Осы сәтте  латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды дейді ұлт зиялылары.

"Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» латыш тіліне аударылды" - Латвия халқы еліміздің тарихы және мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Бұл мемлекетте ұлы ақын, әйгілі ойшыл Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» латыш тіліне аударылды.

BAQ.KZ. - "Ханзада Уильям мен Кейт Миддлтон бұзуға болмайтын 3 ереже" - Мысалы, ханзада Уильямге ұлы Джордж, қызы Шарлоттамен бірге ұшақта ұшуға тыйым салынған. Егер отбасымен саяхаттағысы келсе, тақта отырған патшайымнан арнайы рұқсат алуы керек.

"Сақтандыру аясында қызмет көрсететін клиникалардың толық тізімін қайдан табуға болады" - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына екі айға жуықтады. Бүгінгі күнге дейін қорға түскен сақтандыру жарнасының көлемі 3 млрд теңгеден асты. Жан-жақты түсіндіру жұмыстарына қарамастан жаңа реформа төңірегінде жалпақ жұртшылық түсінбейтін мәселелер әлі де аз емес. 

"Атажұртқа қызмет етуге мүмкіндік берсе болды" - Ғалым Пернебаев Өзбекстаннан атажұртқа ат басын бұрған қандастарымыздың бірі. Алғаш келген кезде егінмен айналысқан. Кейін сиыр бағып, одан кейін базарда сауда сатқан көп қазақтың бірі болатын. Өзінің оқыған мамандығы тіс дәрігерлігі болғандықтан, қарап жатпай, 2008 жылдан бастап осы салаға шындап ден қоя бастайды.

"Басшыны тілдеп жатыр, ал сіздер үндемейсіздер!" - Төлеев операциядан кейінгі жиналысын өткізді. Этникалық қазақ, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев ұзаққа созылған сырқатынан емделіп шыққаннан кейінгі алғашқы жиналысын өткізіп, қол астындағыларды сынға алды. Кеңестің видеожазбасын облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі жариялады.

ZHASALASH.KZ. -  "Ресей ыдыраса не болмақ?" - Осы елдің жетекші саясаткерлері мен саясаттанушылары Ресей тұтастығының ыдырау мүмкіндігін жай жорамал емес, айналып өтуге болмайтын кезең ретінде қарастырады. Сергей Илларионов, Николай Сванидзе, Леонид Гозман, Михаил Касьянов, Ирина Хакамада сияқты танымал тұлғалардың пікірталасы негізінен «ыдырау» үдерісі қашан басталып, қалайша өрбитініне тіреледі.

"Ұлылық синдромы" - Шығармаларын оқырман сүйіп оқитын жазушылардың біз білмейтін қасиеттері көп. Тәңір ақ қағаз бен қалам тарту екен талант иесіне тағдыр да сыйлайтыны ақиқат. Әркім шамасы келгенше соқтықпалы, соқпақсыз жолда өз қолтаңбасын қалдыруға ұмтылады.







23 тамыз 2017, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.