Атырау, 26 сәуір 08:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Жапония Солтүстік Кореяға экономикалық қысым көрсету шараларын қолдайды

2 093 просмотра

Жапонияның Сыртқы істер министрі Таро Коно "Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық және дипломатиялық қысым Пиоңяң (Пхеньян) өзінің ядролық қаруынан толықтай бас тартпайынша жалғаса беруі керек" деп есептейді. 

Бұл туралы ол журналистермен болған сұхбаты кезінде хабарлады.  "Қазір алты жақты келіссөздер жүргізетін кез емес. Солтүстік Кореяны ымырға келуге шақыра бергенше, қысым көрсету арқылы ұстанып отырған саясатын өзгертетін уақыт жетті", - деді ол. Жапонияны Сыртқы істер министрінің алты жақты келісім деп отырғаны - Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея  мен Солтүстік Корея арасында жоспарланған келіссөздер. БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық санкциялар енгізіп, оны әлем елдері бірауыздан қабылдағаннан кейін, Ресей мен Қытай АҚШ пен Оңтүстік Кореяны Корей түбегінде әскери жаттығулар өткізуді тоқтатуға шақырып, дағдарысты реттеуге байланысты медиациялық қызметін бастаған болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

22 тамыз 2017, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.