Атырау, 8 мамыр 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Талғарда Kaspi bank бөлімшесі тоналды: Ұрылар шатырдан түскен

Бейнежазба
2 646 просмотра


Алматы облысындағы Талғарда орналасқан Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. "Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД өкілдері.  



Дереккөз: tengrinews.kz

22 тамыз 2017, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.