Атырау, 26 сәуір 05:48
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстан келесі жылдан өз-өзін отандық жанар-жағармаймен толық қамтитын болады

2 025 просмотра

Бұған Қазақстан елдегі мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялаудың арқасында қол жеткізбек.

Атырау мұнай өңдеу зауытын және Павлодар мұнай-химия жетілдіру жобасы аяқталды.

Келесі жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жетілдіру жұмысы аяқталады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Үкіметтен.

"Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру біткен соң мұнай өңдеу көлемі 14,5 млн тоннадан 17,5 млн тоннаға артады. Жанармай, жағармай, авиакеросин сияқты мұнай өнімдерінің өндірісі көбейеді. Біз келесі жылдан елдің ішкі сұранысын отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтып, импорттық жанар-жағармай тәуелділіктен құтыла бастаймыз", - деді Бозымбаев журналистерге берген сұхбатында.

Дереккөз: Baq.kz

21 тамыз 2017, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.