Атырау, 8 мамыр 20:06
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Перзентхана басшысы лауазымынан кетті

4 250 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталықты 2009 жылдан бері басқарып келе жатқан Ұлжан ХАСАНОВА лауазымынан кетті. Әзірге бас дәрігердің орны бос тұр.

Денсаулық сақтау басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, Ұ.Хасанова 2017 жылдың 18 шілдесінде зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан кету туралы арызына сәйкес лауазымынан босатылған. Ал бейресми мәліметтер бойынша, ол 11 тамызға дейін жұмыс жасауды жалғастырған, алайда осы медицина мекемесінде өлім оқиғаларының жиілеуіне байланысты одан лауазымынан кетуді өтінген. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Атырау облысында бес жүкті әйел көз жұмған. Соңғы жүкті әйелдің өлімі биылғы жылдың 5 шілдесінде облыстық перинаталдық орталықта орын алған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

15 тамыз 2017, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.