Атырау, 26 сәуір 09:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қарақшылар көршіден құтылмады

3 125 просмотра
Сурет: ІІД баспасөз қызметі

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарақшылықпен шабуыл жасады деп күдіктелген екі сотталушыға қатысты үкім шығарды.


«АЖ» бұл атышулы оқиға туралы бұдан бұрын хабарлаған еді. 26 cәуірде таңертең Мақат ауданның бұрын сотталған 26 және 27 жастағы тұрғындары қала маңындағы Көкарна (бұрынғы Курилкино) ауылындағы жеке үйге басып кіреді. Беттерін шарфпен тұмшалап алған олар зақымдаушы «Оса» тапаншасымен қорқытып, 59 жастағы қожайын әйелдің аяқ-қолын скотчпен байлап, үйден 23 млн теңге мөлшеріндегі ақша мен құны миллион шамасын құрайтын бағалы заттарын алып, бой тасалайды.

Зардап шегушінің көршісі көмек сұрап шақырған әйел дауысына тез жүгіріп жетіп, өз көлігіне отырып, қарақшыларды қуа жөнелген. Қолында тапанша болғанына қарамастан С.-ның қолын бұрап, ұстап алады. Екіншісі қашып үлгерген, ал жол бойына ақша мен бағалы заттарды лақтырып кеткен (немесе түсіріп алған). Оларды полиция сол жерлерді тінту кезінде тауып алды. Сәл кейінірек екіншісі де ұсталды.

Сот сотталушыларды ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы (қару қолданылған қарақшылық) бойынша кінәлі деп танып, С.-ға 10 жыл, М.-ға мүлкін тәркілеумен бірге 10,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Бұдан басқа, Атырау әкімі мен Атырау облыстық ІІД бастығының тарапына зардап шегушінің көршісін қылмыскерлерді ұстау кезінде батылдық көрсеткені үшін марапатқа ұсыну туралы жеке ұйғарым жолданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 тамыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.