Атырау, 8 мамыр 17:56
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Негізгі құрамнан үміттіміз»

2 424 просмотра


Махамбет ауданындағы футболды дамыту туралы аудандық БЖСМ оқу ісінің меңгерушісі Асқар ӘЛДЕШЕВ әңгімеледі.

– Биылғы жылдың шілдесінде Махамбет ауданының командасы республикалық «Кока-кола Былғары доп-2017» турнирінің күміс жүлдегері атанды. Табыстың кілті неде?

– Бәлкім, өткен жылдан бері БЖСМ-да «Атырау» ФК футбол орталығының тобы жұмыс жасап жатқандықтан болар. Осы турнирдегі жүлдегер балалардың көпшілігі осы секцияның шәкірттері.

Өңірлік дене тәрбиесін дамыту орталығының қолдауымен ауданның 12 мектебіндегі командалар арасында «Кока-кола Былғары доп-2017» іріктеу турнирі өтті. Күткеніміздей, біріншілікті Ақелеуов атындағы мектеп жеңіп алды. Мамырда Атырауда «Ривьера» стадионында облыстық турнир өтті, оған алты команда қатысты. Финалда біздің балалар Құрманғазы ауданындағы құрдастарын 2:1 есебімен жеңіп кетті. Ал мамырда біздің команда 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында Жеңіс кубогының иегері атанды. Турнир де «Ривьера» стадионында өтті. Біздің шабуылшымыз Данияр Сәлімжанов үздік ойыншы деп танылды. Ол бәрінен көп – алты гол салды. Финалда біз 4:1 есебімен Жылыой ауданының БЖСМ командасын басымдылықпен жеңдік. Осыдан кейін команда мини футболдан облыс біріншілігіне қатысып, үшінші орын алды. Біздің Диас Ғабдоллажан үздік ойыншы деп танылды. Ал бірінші орынды «Атырау» футбол орталығының шәкірттері – «Атырау-2004», екінші орынды – Құрманғазы ауданының балалары алды.

Асқар ӘЛДЕШЕВ

Маусымда Махамбет ауданындағы екі балалар командасы мини-футболдан облыстық мектеп лигасының біріншілігіне қатысты. Нәтижесінде біздің 2004-05 жылғы балалар бірінші орын, ал 2002-03 жылғы балалар – үшінші орын алды. Содан кейін біз Атырауда «Судоремонтник» стадионында өткен «Фольксваген» сауда белгісінің сыйлығы үшін балалар турниріне қатыстық. Ол жерде жартылай финалда Жылыой ауданының БЖСМ командасына матчтан кейінгі пенальти сериясында есе жіберіп, үшінші орын алдық.

Шілдеде Семейде «Кока-кола Былғары доп-2017» турнирінің финалдық бөлімі өтіп, оған 10 команда қатысты. Топта біз бастапқы матчта Алматы командасынан 1:2 есебімен жеңіліс тауып, кейін «Ертісті» (Семей) 3:0, «Талдықорғанды» 2:0, «Таразды» 1:0 есебімен жеңдік. Қорытындысында топтан екінші орынға шықтық. Жартылай финалда «Павлодарды» 2:1 есебімен жеңіп, финалда матчтан кейінгі пенальтиде «Алматыдан» ұтылып қалдық. Қорытындысында күміс алқа иелендік. Балалардың барлығы жақсы ойнады, алайда қақпашылар Нұрсат Оңайшиев пен Ернар Сағынғалиды, сондай-ақ, қорғаушы Сайын Медет пен шабуылшы Сәлімжановты ерекше атап өткім келеді.

– Сіздің шәкірттеріңіз болашақта «Атырау» ФК-ның «негізгі құрамы» үшін ойнайды деп үміттенеміз...

– Бәріміз де үміттенеміз. Жалпы алғанда, аудан ауқымында футбол жақсы дамып келеді. Жаманқала (бұрын Махамбет осылай аталған) тумасы Кеңес Одағының батыры Георгий Канцевтің рухына, Ұстаздар күніне – халық мұғалімі Қазихан Тұрғариннің рухына, Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне – Есболовтың рухына жыл сайынғы турнир өтіп тұрады. Атырау қаласындағы мини футболдан өткен Бірінші лига чемпионатында «Махамбет-Сити» командасы көшбасшылар қатарынан көрінді. Келесі жылдан бастап Атырау қаласының Үшінші лигасына жастар командасын қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Ауданда мини футбол ойынына арналған 6 алаң бар. Орталық стадионда футбол алаңының әзірге жабыны жоқ, оны таяу уақытта орнату жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 тамыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.