Атырау, 26 сәуір 09:51
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жастар жазда да бос отырмайды

Сурет
2 242 просмотра


«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қазіргі уақытта қандай жұмыстар атқарып жатқанын біз «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі Айнұр БАЕМЕРОВАДАН сұрап көрдік.



Оның айтуынша, облыс бойынша биыл 2 мың жас жұмыспен қамтылған. Жалпы жұмыс бес бағыт бойынша жүріп жатыр. «Көгалдандыру» жасағындағылар қалада суарумен, саябақтардың арам шөптерін жұлу жұмыстарымен айналысады. «Археологиялық жасаққа» қосылған жастар маусым-шілде айларында «Хан ордалы Сарайшық» мұражай қорығы, Ақтөбе Лаэти және Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында болды.

«Педагогикалық еңбек жасағының» бмүшелері Бесікті ауылындағы «Тұлпар», «Тағылым» мектеп жанындағы «Таң нұры» жазғы лагерлерінде жетекшілік етуде. «Жас Агро» жасағы негізінен Атырау аграрлы-техникалық колледждің студенттері екен. Маусым айында олар Тасқала ауылдық округіндегі жылыжайларда еңбек етіп келсе, қазір Махамбет ауданына қарасты Алмалы ауылындағы «Ынтымақ» шаруа қожалығында еңбек етуде. «Құрылыс жасағының» жастары «Жас Отау» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерде тас қалаушы боп жұмыс жасауда.



Негізінен, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бойынша еңбек еткен әр жастың алатын жалақысы - 59 853 теңге болса, құрылыста жүрген жастарымызға осы жалақыға қосымша тағы 50 мың теңге төленеді, - дейді А. Баемерова. - Қазіргі күннің ыстық болуына байланысты жұмыстар таңертеңгі сағат 7.00- де басталып, түстен кейін 15.00-ке дейін болады.

Жалпы, биыл Атырау облысындағы «Жасыл ел» жасағына бөлінген қаражат 136 миллионды құраса, оның 39 миллионы республикалық бюджеттен, 97 миллионы жергілікті бюджеттен бөлініпті. Бұл қаражат жұмысшыларды тасымалдауға және арнайы киімдеріне және ең бастысы жалақыларына жұмсалады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Cуреттерді түсірген автор

2 тамыз 2017, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.