Атырау, 26 сәуір 10:47
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Сағадиев қалай ойлайды?", "«Айдос Сарым: Көршінің қызы керемет еді...»", "Медсақтандырудың тиімсіздігі: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ", "Құқық қорғау органдарындағы азаптауларға тоқтау қойылуы тиіс", "Үш қыз - үш тағдыр..."

2 167 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қытайда туыстары қамалғандардың арызы жиіледі" - Алматыға Қытайдан қоныс аударған қазақтар бірінің баласы, екіншісінің әкесі Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғандарын айтады. Туыстары оларға анық не айып тағылғанын да біле алмай отыр.

"Өзбекстанда Каримовтың саясатын алғаш рет сынады" - Өзбекстан телевидениесінде алғаш рет елдің тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтың жүргізген саясаты сынға ілікті.

ZHASALASH.KZ. "Stratfor: Қош бол, Ресей!" - Америкалық Stratfor компаниясы 2015-2025 жылдарға арналған геосаяси болжамын жария етті. Болжамда Орталық Азия және Қазақстан туралы айтылмайды. Есесіне Қазақстанмен іргелес екі ірі мемлекет – Ресей мен Қытай туралы әрқайсысына жеке-жеке тоқталыпты. Сонымен, Stratfor болжамына сенсек, алдағы 10 жылда Ресей бөлшектенеді.

"«Айдос Сарым: Көршінің қызы керемет еді...»" - Өткен аптада қаймана қазақты көршілес өзбек еліндегі жаңалық дүр сілкіндірді. Мирзияев басқарған жаңа саяси режим араға бір жыл салып кеше ғана иығымен аспан тіреген, қабағымен қара бұлт қаптатқан Ислам Кәрімовтің ерке қызы Гүлнара Кәрімоваға ауыр айып тағып, кемі бес жылға соттаған екен. «Апырай, ә! «Өлдің Ислам-әкә, қор болдың» деген осындай болады екен-ау» десті қазекең. Енді біреулер «біздегі жағдай қалай болады екен?» деп қалың ойға шомды...

"Медсақтандырудың тиімсіздігі: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ" - Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір ай өтті. Бұл сақтандыру қорына ай сайын ақша салып тұрмасаңыз, жедел жәрдемнен өзге, ешқандай дәрігерлік көмек ала алмайсыз. Сарапшы, экономист Рахым Ошақбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жуырда теледебатқа шығып, жаңа жүйеге қарсы 12 уәжін алған тартқан еді. Шектеулі уақыт, шеңберлі талапқа толы телеэфирде дерек пен дәлелдерді толық айтып шығу мүмкін еместігін ескеріп, Рахым Ошақбаевтың «Талап» орталығымен бірігіп, міндетті медсақтандыру жүйесіне қарсы уәждерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

INFORMBURO.KZ. "Алаяқ риэлторлар. Сақ болыңыздар" - Астанада алаяқ риэлторлар қаптап жүр. Үй сатып аламын не жалға пәтер керек десеңіз, құжаттарын тиянақты тексеріп алыңыз. Әйтпесе қалтаңыз қағылады.

QAZAQTIMES.COM. "Солтүстік Кореяның сынақтарынан АҚШ қандай сабақ алды?" - "Солтүстік Кореяның негізгі мақсаты - АҚШ-тың жеріне жаңылмай жетіп, құлайтын ядролық оқтұмсықтарды дайындау. 28 шілде күні сынақтан өткізілген "Хвасон-14" құрлықаралық баллистикалық зымыраны КХДР-дың өз мақсаты жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін көрсетеді", - деп жазады CNN ақпараттық агенттігі. 

ABAI.KZ. "Үш қыз - үш тағдыр..." - Орталық Азиядағы көршілес үш елдің Тәуелсіздіктің бастауындағы саяси тағдыры - мынау үш қыздың тағдыры секілді үш түрлі болды.

"Жас ұстаздың монологы" - Ұстаздардың тамыз кеңесі жақындаған сайын тұла бойымда қорқыныш пен жасқаншақтық деген жаман әдет пайда болғанда өзіме сауал қойып, «Неге қорқасың, жұрттың алдында ант беретін жалғыз сен бе? Өзіңдей бірнеше жастар болады емес пе! Қарашы әне, Ғазизды керісінше, ол іштей қуанып, ұстаздар конференциясының тезірек болуын армандап,  мектепке жолдама алып, сабақ беруді тағатсыздана күтіп жүр. Ал, сен болсаң оқытушы болмай жатып, көпшіліктің алдына шығуға әлден ат-тоныңды ала қашқың келеді. Егер бойыңды билеген батылсыздық пен жалтақтықтан арылмасаң жақсы ұстаз болам деп ойлама», - деген ойлардың тереңіне батып, өзімді жігерлендіріп қойдым. Сөйтіп, қолыма халыққа білім беру бөлімінің бізге жауапты әдіскері сала құлаш жазып берген антты жаттауға кірісіп кеттім.

DALANEWS.KZ. "Сағадиев қалай ойлайды?" - Тайжан Сағадиевті пікірталасқа шақырды. Шықпады. Уақыты жоқтығын айтты. Шаруасы шаш етектен екен. Реформаның жырымен жүр. Ашық пікірталастан басын ала қашты, анығы. Неге?

QAMSHY.KZ. "Құқық қорғау органдарындағы азаптауларға тоқтау қойылуы тиіс" - Қазақстанда азаптауға заңмен қатаң тыйым салынған. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ азаптау мен адамның жеке басын қорлайтын әрекеттерге қарсы Конвенсияны қолдады. Ал 2002 жылы қылмысты тексеру барысында азаптағандарды жауапкершілікке тарту туралы ереже енгізілді.  2005 жылы азаматтық және саяси құқық бойынша Халықаралық пакт қабылданды. Десек те, тергеу кезінде де, түрмедегі жазасын өтеушілерді де азаптау, қамаудағылардың өзіне қол салуы тыйылар емес.

"«Орысқұлдарды бауырымызға тартамыз деп, кешірілмес қатеге бой алдырдық»" - Елбасы Н. Назарбаев анау –мынау емес халықаралық трибунадан, 1995 жылы мамырда өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының екінші құрылтайында «Біз қазақ бауырмал халықпыз. Қазақша білмейтін қазақтарды бауырмалдығымыздан танбай, бауырымызға тартайық. Көкіректерінен итермей, кеңпейілдік танытайық. Шыдайық, қазақша үйренеді» деп, орыс тілділерге қолдау көрсеткен еді. Енді не болды!? Ұлт алдындағы абырой беделін салып бүкіл ұлттың атынан сұранып, қолдау көрсеткен Елбасының сеніміне, қазаққа айтқан бұлардың рахметі осы ма еді!?


1 тамыз 2017, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.