Атырау, 26 сәуір 07:54
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын!", "Айдос САРЫМ: Латынға көшу жарты жолдан қайтатын той емес", "Храпуновтардың Трамптың бұрынғы серіктерімен бизнесі жайлы зерттеу", "Путиннің орынына Сталинді көргісі келетін Ресей қоғамы қаншалықты қауіпті?"

2 174 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Көпшілік Николас Кейджді келемеж етті" - Әлемдік киноның жұлдызы Николас Кейдждің Астанаға келуінен туындаған әлеуемттік желідегі реакция назар аударуға тұрарлық. Мұндай реакцияны Астанадағы ұйымдастырушылар да, Кейдждің өзі де күтпеген сияқты.

"Статистиканы бүлдірмейтін жұмыссыздар" - Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздар саны үнемі азайып келеді. Бірақ тұрақты жұмысы жоқ азаматтар бар, олар кездейсоқ табыс табады, жұмыспен қамту орталықтарына үш ай сайын тіркелмейді, яғни статистика бойынша жұмыссыз саналмайды.

"Храпуновтардың Трамптың бұрынғы серіктерімен бизнесі жайлы зерттеу" - Америкалық McClatchy сайтында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың Дональд Трамптың бұрынғы екі бизнес әріптесіне қатысы бар екенін көрсететін журналистік зерттеу нәтижесі жарияланды. Толығырақ баспасөз шолуынан біле аласыз.

ZHASALASH.KZ. "«Жарты құдай»..." - 1990 жылдардың соңында «31-телеарнаның» «Информбюро» жаңалықтарында (орысшасында) Алматының іргесіндегі Шамалған ауылынан түсірген, осы жердің тумасы Нұртай Әбіқаев туралы (ұлттық қауіпсіздік комитетіне кеткен кез болса керек) сюжет берді. Сонда көшеде кетіп бара жатқан кейуана Н.Әбіқаевты бала кезінен танитынын айта келіп, «Қазір не қызмет істейтінін білесіз бе?» деген тілші сұрағына «Назарбаевтың қасында ғой, жарты Құдай ма, бірдеңке» деп жауап қатты. Қазақстан билігіндегі «сұр кардинал» деп сипатталатын «жарты Құдай» өткен аптада саясаттан демалысқа – зейнеткерлікке кетті. Жетпіске келген шағында...

"Айдос САРЫМ: Латынға көшу жарты жолдан қайтатын той емес" - Латын әліпбиіне көшу мәселесінің қызуы қайтпай әлі талқыланып келеді. Түрлі сарапшылар мен тіл мамандары «әліпби ауыстырудағы ең маңызды нәрсе Ресейдің ықпалынан шығу» деп есептейді. Бұл мәселенің бұдан басқа сан қыры бар. Толғауы тоқсан мұндай күрделі мәселені саясаттанушы Айдос Сарым төмендегі латын әліпбиіне қатысты көлемді сұхбатында жан-жақты талдай түсіндіреді.

QAZAQTIMES.COM. "Путиннің орынына Сталинді көргісі келетін Ресей қоғамы қаншалықты қауіпті?" - Соңғы уақытта Ресейде келмеске кеткен Кеңестер одағының басшысы Иосиф Сталинді жақтаушылардың саны артып келеді. Қазір Ресейде Путиннің орынына әлем жұртшылығы алдында қатігездігімен есте қалған Сталин сынды адамды көргісі келетіндердің қарасы көбейген.

"Таулар өзін сата алмайды, оны сататын адам керек" - Жаз бастала салысымен еңбек демалысына шыққандардың бәрі жан-жаққа демалуға кетеді. Бірі шетел асып, жаңа ортамен танысуды жөн көрсе, енді бірі отандық туризмді дамытуға үлес қоссам дейді. Тіпті кейбірі Қазақстанда демалғаннан гөрі шетел арзан деп жатады. Енді бірі отандық туризмнің қызмет сапасына көңілі толмай жатады. Ал мұндай мәселелерді реттеуде Қазақстанға не кедергі? Бір-екі күн бұрын құрылған "Қазақ туризм" мәселелерді реттей ала ма? Бұл сұрақтарға Қазақстан туризмі үшін жұмыс істеп жүрген азаматтар жауап берді. 

ASTANA-AKSHAMY.KZ. "Құндылықтардың орнын алмастырудың дерті үлкен" - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арынның Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған мөлтек ойын оқып едім. 

INFORMBURO.KZ. "Исаактың анасы: Дәрігерлер түсік жаса деген, бірақ бәрі жақсы боларын жүрегім сезді" - Туғаннан дертімен арпалысқан тараздық дарынды бала Стивен Хокингтің ізбасары боламын дейді. Ол ғылыммен айналысып, ғарышты зерттеп жүр.

ABAI.KZ. "Қытайдағы қазақтарды кім құтқарады?" - Әлемдік өркениет пен ғылым-техниканың ұшқан құстай дамыған, адамзат санасының ұшар биікке көтеріліп ақиқат айдынында самғаған  осынау демократия қанат қаққан бейбіт заманда, сол өрелі өркениет пен тетікті техниканың ордалы отаны болып отырған алып Қытай мемлекетінде адамдық құқық пен қоғамдық демократияны табанға таптаған, біз біле бермейтін ессіз ережелері мен ақылға сиымсыз  заңсыздықтарының кері әсері, қоғамның дамуына жағымсыз ықпалын тигізіп қана қоймай солқылдатқан жарақаттай күннен күнге қоздап, ышқына  күшейіп келеді.

"Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын!" - Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойладық. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан мемлекетін бүкіл әлем таныды. Халқымыз бұрын-соңды мұндай танымалдыққа, даңққа бөленген емес. Ширек ғасырда жеткен табыстарымызды, жетістіктерімізді айтып тауысу мүмкін емес. Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты әлемнің көптеген елдерімен тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік туғызды. Әсіресе бауырлас түркі елдерімен, Түркиямен байланысымыз лайықты дамыды.

EGEMEN.KZ. "Қайтқан капитаннан қайыр бар ма?" - Былтырғы Рио Олимпиадасында да 69 келі салмақтың бойын қуалай жалғасқан алтын арқау үзілген жоқ. Бұл жолғы ұрпақтар сабақтастығын Данияр Елеусінов сәтті жалғастырды. Жалпы, спортшы атаулының спорт үйірмесіне жазылған сәтінен бастап, әрбір тер төккен жаттығуы мен барған үлкенді-кішілі жарыстар бойына есінен бір шықпайтын, көкейінен қуса да кетпейтін бір арман болса, ол осы – Олимп шыңы.

"Әлеуметтану сауалдама жүргізумен бітпейді" - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек. Бұл жердегі негізгі фактор: Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер» деп атап өт­ті. Осындағы ауқымды мәліметтер алмасу әлеуметтанушыларға тікелей қатысты мәселе. Осыған байланысты Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті әлеу­меттану кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Байғабыловпен сұхбат.

QAMSHY.KZ. "Мед.сақтандыруы барлар тегін ағза ауыстыру операцияларын жасата алады" - Медициналық сақтандыру дегеніміз не? Оның халық үшін пайдасы қандай? Медициналық сақтандыру жарнасы қалай төленеді? Жарна қанша теңгені құрайды? Осы және өзге де сұрақтың жауабын білу үшін Qamshy.kz тілшісі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Ерік Байжүнісовпен сұхбаттасты 





24 шілде 2017, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.