Атырау, 26 сәуір 13:45
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Шабуыл жасаған соң "өзін өлтірген" Жампозов ісін түрліше жориды", "АЛЖИР синдромы: Атты. Атылып өлді. Неге?", "Назарбаевтың "латынына" Атамбаев қарсы шықты", "Әмиян ұрлайтындар әдірем қалды"

2 093 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Шабуыл жасаған соң "өзін өлтірген" Жампозов ісін түрліше жориды" - Кеше түс қайта Ақмола облысы прокуратурасы ғимараты маңында прокуратура қызметкері Әлібаев пен Целиноград ауданы ІІБ тергеушісі Пшембаевты атып жаралаған Өмірбек Жампозовтың «өзін-өзі атып өлтіргені» туралы ақпараттар тарады. Оның әрекетін желіде «өз бетінше жасаған жазалау соты» деп бағалап, Қазақстандағы құқық қорғау жүйесінің кемшілігі ретінде көрсету жиіледі.

"Тергеуден аман-есен оралу машақаты" - Қазақстандағы құқық қорғаушылар мен ресми мекемелердің абақтылардағы зорлық-зомбылыққа қатысты пікірлері бір-біріне қарама-қайшы. Бірақ жалпы ахуал нашар, себебі Қазақстан түрмелеріндегі зорлық-зомбылық мәселесі әлемдік деңгейде талқыға түсіп жатыр.

"Мини не хиджап киген абитуриент құжат тапсыра алмаған" - Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтына құжат өткізгісі келген қыздарға ЖОО өкілдері "орамалдарын желкеге қайыра тартуды", "мұсылманша киінбеуді" талап еткен.

INFORMBURO.KZ. "Әжеде де әже бар, жас балаша доп тебер. Футболист әжелердің әңгімесі" - Кейбірінің жастары 60-тан асса да футбол ойнаудан бас тарту ойларында жоқ. Тіпті алыс-жақын шет елден күш сынасуға қарсыластар іздейді.

ABAI.KZ. "АЛЖИР синдромы: Атты. Атылып өлді. Неге?" - Әуелі ақпар. Ақмола облысында ер адам прокуратура мен АІІД қызметкеріне оқ атты, артынша өзіне қол жұмсады.

"Назарбаевтың "латынына" Атамбаев қарсы шықты" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне өту туралы бастама көтеріп, Үкімет пен құзырлы органдарға 2025 жылға дейін нақтылы тапсырма бергенін білесіздер.

ҚАЗТАГ. "Олег Смоляков: Әрекет етудің нақты жоспары болмаса ешбір банк Ұлттық банк қолдауын ала алмайды" - Аптада Ұлттық банк банк секторының тұрақтылығын көтеру бойынша бағдарламасын таныстырды. Банктерді қолдауға реттеушінің бюджетінен Т500 бөлінеді деп болжануда, ал осы бағдарламаға капиталы кем дегенде Т45 млрд болатын 15 ЕДБ қатысады деп болжануда. Бұл ретте Ұлттық банк ол банктерге негізгі проблемаларын шешуге 5 жыл береді. Реттеуші өзінің осы бағдарламасынан нендей нәтижелер күтіп отырғаны туралы біз Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтан айтып беруін сұрадық.

TURKYSTAN.KZ. "Алашқа «ақылды аялдама» артық па екен?" - Көлік пен адам қарасы көп қала көшелеріндегі маңызды атрибуттардың бірі – аялдама. Сөйте тұра аялдамаларды ретке келтіру ісі әлі де тиянақты емес. Қазір «Ақылды аялдама», «Ескі аялдама» және «аялдама магазин» деген бірнеше түсінік қалыптасқан. Осылардың барлығының қызметі бір болғанымен, маңыздылығы мен құны әр түрлі.

"Әмиян ұрлайтындар әдірем қалды" - Елімізде банкомат карталарынан ақша ұрлау деректері көбейді. Жымысқы ойларын интернет арқылы жүзеге асыратын алаяқтар  азаматтардың есепшоттарына қол сұғуда. Мұндай оқиғалар әсіресе Ақтөбе облысында бірнеше мәрте тіркелді.

365INFO.KZ. "«Аз-ақ қалыпты». 2042 жылы өлмейтін адамдар пайда болады" - Дәм бұйырса, мәңгілік адамдардың біріне айналармыз, бұйырмаса, Қасым ақын айтқандай, «көрпемізді қымтап, қырда бір төмпешік болып жатармыз».

JASQAZAQ.KZ. "Арақтың ащы азабы" - «Анашым, сен өзіңе-өзің көмек бермесең, біз саған ешқандай көмектесе алмаймыз. Өз өмірің – өз қолыңда. Мүмкін осында біржола өзгеріп шығарсың? Сен бізге өкпелеме» –  деп Сағыныштың (аты өзгертілген) екі қызы анасынан кезек-кезек кешірім сұрайды. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкелген қос перзенті анасын бес ай бұрын емдеу орталығына тастап кетіпті. Алайда бұл олардың анасынан безінгені емес, жүрегі езілгені үшін барған тәуекел қадам болатын. Содан бері не өзгерді? Анасы есін жиып, ішімдіктен арылған. Бұған біз Алматыдағы наркологиялық медицина- əлеуметтік түзеу орталығына барғанда көз жеткіздік.

21 шілде 2017, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.