Атырау, 26 сәуір 13:22
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ВКонтактеде танысқан жігітімен кездесуге кеткен оқушы 4 күннен соң табылды

2 210 просмотра


ВКонтактеде танысқан жігітпен кездесуге кетіп, 4 күн бойы із-түзсіз жоғалған алматылық оқушы Галина Япс үйіне аман-есен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анасы Натальяның айтуынша, 13 жастағы Галина Япс жақын маңдағы ауылдардың бірінде болған. Қыз телефонын жоғалтып алған екен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны қасындағы жігіттің телефонының орнын анықтау арқылы тапқан. Олар Пчелка деген ауылда болған. Қыз бейтаныс ауылдан қалай кетерін білмеген. 

Айта кету керек, алматылық оқушы Галина Япстың жоғалып кеткені туралы кеше хабарлаған болатынбыз. Анасы қызының Вконтакте желісінде танысқан жігітпен кездесуге кеткенін айтты. Қызды туысқандары 4 тәулік бойы іздеген. Іле аудандық ІІБ қызметкерлері де іздеу жариялаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 шілде 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.