Атырау, 26 сәуір 05:54
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ақмолада орган қызметкерлеріне оқ атқан адам "ақша жымқырған"

1 673 просмотра


Ақмола облысында прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкеріне шабуыл жасаған адамның үстінен бюджеттен 620 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен тергеу жүріп жатқан. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлады.

"Шабуыл жасаған адам О.А.Жампозов екені анықталды. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің "Қазсушар" директоры болып тұрған кезде, басқа лауазымды тұлғалармен бірігіп, Преображенское су торабының реконструкциясына бөлінген жалпы сомасы 620 миллион теңге сеніп тапсырылған қаражатты жаратқан. Жампозовқа қатысты кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған" деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сот отырысында прокуратура Жампозовты бес жылға соттауды сұраған. Ал үкім оқылатын сот отырысы 20 шілдеде сағат 16:00-ге белгіленген.

20 шілдеде Ақмола облысында 61 жастағы ер адам прокуратура мен Целиноград аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне оқ атып, жарақаттаған. Кейін ол өз-өзіне де оқ атып, мерт болған.

Дереккөз: Азаттық

21 шілде 2017, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.