Атырау, 26 сәуір 12:24
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жолдарға күрделі жөндеу бола ма?

Сурет
3 762 просмотра

2009-2016 жылдар аралығында Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына  жөндеу жұмыстарын жүргізуге  1 млрд. 608 млн. теңге қаржы жұмсалған. Ал биылғы жылға осы бағыттағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және   жөндеу жұмыстарын жүргізуге  тағы да 33 млн. теңге бөлінді. Алайда бұл қаржылардың жол сапасына ешқандай әсері болмады, соқпалар мен шұңқырлар сол күйі жатыр.

Биыл бұл жұмысты «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалы орындады. Бірақ, жөнделген жол жоқ. Жүргізушілер бір- бірімен соқтығысып қалмаудың амалын жасап шұңқырлардан қашып өтуге немесе бір – біріне жол бермеуге мәжбүр болып жатады (суретте). Бұл жағдай, әсіресе, Индерден   Атырауға бет алған жолдарда  байқалады.

- Жыл сайын жолды жамаумен келеді, бірақ бәрібір шұңқырлардан қашып құтыла алмайсың. Ал, бұл республикалық маңызы бар жол. Жолды күрделі жөндеуден өткізетін уақыт жетті ғой,  - дейді Өрлік ауылының тұрғыны Жолдасқали НҰРСҰЛТАНОВ.

Біз осыған қатысты комментарий алу үшін «Қазақавтожол» ҰҚ АҚ филиалы директоры Дәурен ЕРҒАЛИЕВКЕ жолықтық:

- Биылғы жылы біз  біраз  автомобиль жолдарындағы пайда болған шұңқырларды   жамап, қалыпқа келтірдік. Енді тағы да шамамен 100 шақырымдай жол қалып тұр.  Осы жолдарды  қалыпқа келтіру үшін республикалық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Енді байқау қорытындысы шығысымен мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары басталады деп күтіп отырмыз. Бұл мәселе жуық арада шешіледі. Ал жолдардың айналасын дұрыстап, көтеріп, шөптен тазартып, аялдамаларды қалыпқа келтіру ісі үнемі атқарылып отырады. Біз өз тарапымыздан аталмыш жолды күрделі жөндеу немесе қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша  ұсыныстарымызды бердік. Бірақ мәселенің қалай шешілетіндігін нақты  айта алмаймын.

- Осы жолдың ақылы негізде болатындығы рас па?

- Жоқ. Бұрынғысынша тегін болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

18 шілде 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.