Атырау, 26 сәуір 13:53
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

1914 қазақстандық Түркия үкіметінің "қара тізіміне" енген

2 640 просмотра


Түркия ішкі істер министрлігі "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күрес туралы есебін жариялады.

Түркия үкіметі ел шекарасы арқылы Сирияға өтпек болған 53781 шетелдік азаматты қара тізімге қосқан. Олардың арасында 1914 Қазақстан азаматы бар. Бұған қоса, 7523 сауд арабиялық, 4128 ресейлік, 2651 тәжікстандық, 2622 франциялық. 1677 әзербайжандық қара тізімге енген. Түркия заңы бойынша "қара тізімдегі" азаматтар ел территориясын кіре алмайды.

Есепте 2014 жылдың сәуірінен бері Түркия қауіпсіздік қызметі террористік топтармен байланысы бар деген күдікпен 17500 шетелдік азаматты тексеріп, 4500 адамды депортациялаған.

Түркия 2013 жылы "Ислам мемлекеті" тобын террорлық ұйым деп таныған.

Дереккөз: Азаттық

17 шілде 2017, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.