Атырау, 26 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Болгаркалы» қарақшылар сотталды

3 139 просмотра

Атырау қалалық №2 соты Жилгородоктағы кәсіпкердің үйіне қарақшылықпен шабуыл жасалғаны туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сотталушылар орындығында бес адам отыр. Төртеуі қылмыс жасалған бойда, ал оны ұйымдастырушы сәл кейінірек ұсталды.

Іс материалдарына сүйенсек, олардың бірі үйде ірі ақша сомасы бар екенін білген және бұл туралы өзінің төрт танысына әңгімелеген. Қаскөйлер бірнеше күн бойына қылмыс жоспарын жасап, үйге және үй иелеріне бақылау жасаған. 27 сәуірде таңертең қылмыскерлер жасайтын әрекеттерін өзара бөлісіп, үйге басып кіріп, тапаншамен қорқытып, үйдегі қызметші әйел мен бала күтушіні байлап,  кішкентай екі баланы ауладағы жылужайға қамап тастайды. Олар сейфті «болгаркамен» кесе бастаған кезде үйге дәріханаға дәрі-дәрмек алуға шығып кеткен қожайын келіп қалады. Шабуыл жасаушылар үй иесіне балаларды жазалаймыз деп қорқытып, сейфті ашуға мәжбүрлейді. Сейфте 7 мың доллар ақша болады...

Сотталушылар ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы («Ірi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық») бойынша кінәлі деп танылды. Екеуіне 6 жылға, тағы екеуі 5 жылдан, алтыншысына 4,5 жылға жалпы режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 шілде 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.