Атырау, 26 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тек медаль ғана емес...

3 173 просмотра


Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаев жүлдесі үшін мұз айдынында халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа Әзірбайжан, Ресей, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 100-ге тарта былғары қолғап шеберлері қатысты. Бокстан КСРО чемпионы Болат Теміров пен 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов турнирдің құрметті қонағы болды. 

Алдын ала өткен айналымда Алматы облысынан келген боксшы Андрей Лейхнер атыраулық Қамбар Ғиниятовты жеңіп, турнир кестесінен шығарып жіберді. Құраманың басқа мүшелері плей-оф кезеңіне өтті және қорытынды мынадай болды: бір алтын, үш күміс және алты қола. Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды: алтын - екі мың доллар, күміс - бір мың, қола- бес жүз доллар. 

Турнир жүлдегерлерінің тізімі (тиісінше 1-ші және 3-ші орындар): 
49 келіге дейінгі салмақ бойынша - Хусейн Алмасри (Сирия); Жандос Несіпжан (Алматы облысы); Хозилжон Абдумуратов (Өзбекстан) және Мерей Құрманғазы (Атырау) – 3-ші орынды бөлісті. 
52 келіге дейінгі салмақ бойынша - Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы); Рашид Салауатов (Атырау); Қуаныш Дүйсенбай (Ақтау) және Азат Үсеналиев (Қырғызстан).
56 келіге дейінгі салмақ бойынша - Нұрсұлтан Кущегулов (Ақмола облысы); Олжас Қалаубек (ОҚО); Абылай Сайлаубеков (Павлодар облысы) және Еламан Хамитов (Алматы облысы). 
60 келіге дейінгі салмақ бойынша - Ержан Ордабаев (Атырау); Бекнұр Ожанов (ШҚО); Асылхан Ұзақбаев (Атырау) және Эржан Тұрғұмбеков (Қырғызстан).
64 келіге дейінгі салмақта - Андрей Лейхнер (Алматы облысы); Қазбек Сапенов (Атырау); Сабыржан Әбілов (Қызылорда) және Нұртас Ажбенов (Ақтөбе).
69 келіге дейінгі салмақта - Ахмад Гусун (Сирия); Алмасбек Алибеков (ОҚО); Мирас Нығметов (Атырау) және Бекболат Құрамысов (Алматы облысы). 
75 келіге дейінгі салмақ бойынша - Одилжон Аслонов (Өзбекстан); Амандық Манашев (Атырау); Ықтияр Шабданбаев және Илияз Ахматалиев (екеуі де Қырғызстаннан).
81 келіге дейінгі салмақта - Наурызбек Сағымбаев (Қарағанды); Садам Эльбиев (Ресей); Тимур Ержанов (ШҚО) және Даурен Мұхамбетжанов (Атырау).
91 келіге дейінгі салмақ бойынша - Иллин Гусун (Сирия); Мұхамеджан Еркін (ОҚО); Батырхан Ғаббасов (Атырау) және Мағжан Базарбай (Ақтау).
91 келіден жоғары салмақ бойынша - Мухамед Мулайез; Манаф Асаад (екеуі де Сириядан); Есенаман Шунғарин (Атырау) және Нұржан Бекзатов (ОҚО).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.