Атырау, 10 мамыр 23:02
 ашықВ Атырау +17
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Бағлан Майлыбаевтың құпия ісі мен «құпия» үкім", "Шаш ал десе... БАҚ алған", "Өз азаматтарымыз ақылы, шетелдіктер тегін емделе ме?​", "Коммуналдық қарызы бар адамдар қажылыққа бармайды"

2 385 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Шаш ал десе... БАҚ алған" - «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Қазіргі Қазақстан журналистикасы – бір-біріне еш ұқсамайтын, кей жағдайда – антагонист, ымырасыз қарама-қайшы екі түрлі әлем.

"Дүкен Мәсімханұлы халық жауы ма?" - «Қытайдағы қандастарымыз жергілікті үкімет тарапынан саяси қысым көріп жатыр» деген мағынадағы түрлі әңгімелер мен аудио және бейнежазбалар соңғы кезде әлеуметтік желілерді жарып жібере жаздады. «Аттан!» деген атпен әлеуметтік уатсап желісінде ашылған топ күнделікті дабыл қағып, ондаған азамат түрлі көзқарастарын білдіріп, мәселеге Қазақ өкіметінің назарын аудартуға тырысты.

"Қазақстанға қоғамдық телеарнакерек пе?" - Бейресми түрде «журналистер күні» аталатын 28 маусымда елде түрлі шаралар өтіп, БАҚ өкілдерін марапаттау, мадақтау, арқадан қағу сынды мерекелік жоралғылар жасалады. Сонымен бірге дәл осы күні Қазақстандағы сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі де сөз болады.

AZATTYQ.ORG. "Бағлан Майлыбаевтың құпия ісі мен «құпия» үкім" - Қазақстан президенті әкімшілігінің жоғары лауазымды бұрынғы екі қызметкерінің атышулы, бірақ құпияландырылған ісі бірден жарияланбаған айыптау үкімімен аяқталды. Мұның бәрі қоғамдағы қилы жорамалдар мен болжамдарға түрткі болды.

"Коммуналдық қарызы бар адамдар қажылыққа бармайды" - Ташкенттің бас имам-хатибы Әнуар қари Тұрсынов Өзбекстан азаматтарын су, электр энергиясы мен газға қарыздарын уақтылы төлеуге шақырды. Қарызы бар өзбектер бұдан былай қажылыққа бара алмайды.

INFORMBURO.KZ. "Қазақтың ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарының 80 пайызын қырғыздар жасайды" - Қолөнерге бейім жастар әшекей бұйымдар жасауды кәсіпке айналдырғысы келеді. Алайда қажетті отандық шикізаттың жоқтығы қинайды. Олар шетелден әкелінеді.

ABAI.KZ. "Өз азаматтарымыз ақылы, шетелдіктер тегін емделе ме?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР «Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерді тегін емдеу туралы» заңға қол қойыпты.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Лаңкестердің арбауына түскендерді құтқару мүмкін бе" - Калининградта "Ислам джихады — Джамаат моджахедов" халықаралық террористік ұйымы ұяшығының басшысы ұсталды. Ол адамдарды террористер қатарына тартумен бұрыннан бері айналысады екен әрі Өзбекстанда экстремизмге айыпталып, оған қарсы бірнеше қылмыстық істер қозғалған. Терроризмді насихаттаушылардың әдіс-тәсілдері мен оларға ілесуге бейім адамдар туралы полиция генерал-полковнигі, ТМД мүше елдерінің Антитеррористік орталығының басшысы Андрей Новиков айтып берді.


1 шілде 2017, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.